"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 612 Қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 612 Қаулысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері:
соңғы нәтижеге бағдарлау және мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (аз ресурстар шығындармен берілген нәтижелерге қол жеткізу);
басқару жүйесінде (әкімшілік рәсімдер ұйымдастыру және басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде) барынша ікемділікті пайдалану және жаңа, оның ішінде, түлкі комуникациялық технологияларды енгізу;
қызметте жоғарылауды байланыстыру, мақсаттарға қол жеткізу және тиімділікті көтеру жөніндегі нәтижелер деңгейелі бірге ресурстар мен сыйақыларды бөлу;
мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарын ескере отырып қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін мемлекеттік аппарат қызметiнiң ашықтығы (айқындылғы)
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
«100 нақты қадам»ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы
І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ:
1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. 2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 3-қадам.. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу. 4-қадам. 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі . 5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру. 6-қадам. Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. 7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу 8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру. 9-қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – 3 жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру. 10-қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. 11-қадам. Шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. 12-қадам. Жаңа этикалық ережелерді енгізу. 13-қадам. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, 14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау. 15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
91-қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу.
92-қадам. Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру.
93-қадам. Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу.
94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу.
95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу.
96-қадам. Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету.
97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру.
98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.
99-қадам. Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, арттыру.
100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру.