Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары:
Мемлекеттік биліктің біртұтастығы;
заңдылық;
Мемлекет мүдделері алдында азаматтардың құқықтары мен еркіндіктіктерінің басымдығы;
Азаматтардың теңдігі;
Қоғамдық пікірді ескеру және жариялылық;
Территориалық-салалық;
Мемлекеттік басқаруда орталықтану мен орталықсыздандырудың үйлесімділігі;
Халықаралық ынтымақтастық.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Қазіргі таңда мемлекеттік басқару қағидалары қайта қаралуда. Осы тұрғыдан, Елбасы Н. А. Назарбаев былай деген: «Біз мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құраймыз. Онда мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларына басты назар аударылады. Мемлекеттік аппарат үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, корпоративті басқару, транспаренттілік және қоғам алдында есеп беру қағидаларында әрекет етуі тиіс».
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы 3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары
1) заңдылық;
2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы;
3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;
6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен ҚР беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
9) барлық деңгейдегi мем. органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы;
10) барлық мем. органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;