3. Монополиялық биліктің көрсеткіштері Бәсекелестік нарықта жеке ӛндіруші тауардық нарықтық бағасына әсерін тигізе
алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. Ӛндіруші тауардың нарықтағы
бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін
болса, онда біз жеке ӛндңрушінің монополиялық билігінің бар екендігін айтамыз. Ал
монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер кӛрсеткішін қолданады. Ол
былай анықталады:
P MC P L
Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасының шекті шығындардан
ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден 1-ге дейін ӛзгеріп отырады.
Кӛрсеткіштің мәні неғүрлым жоғары болса, монополиялық билік солғүрлым күшті
болады. Монополистің тепе-тендік жағдайында:
MC E P
1
1
екенін біле отырып, Лернер кӛрсеткішін мына түрде де жазуға
болады:
E P MC P L 1
Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші, басқа жағдайларды тұрақты
деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады, демек, ӛнімге деген
сұраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшейе түседі.
4. Нарықты монополиялаудың белгілері Нарықты монополиялаудың екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:
1) бір фирманың қолында нарықтың үлкен бӛлігінің шоғырлануы;
2) ірі фирмалардың бәсекелестерімен байланысы.
Мемлекет ӛндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш кӛрсеткішке жүгінеді:
айналым мӛлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мӛлшері.
Монополияға
қарсы саясатшылдардың кӛзқарасымен қарағанда ең негізгі кӛрсеткіш болып айналым
мӛлшері есептеледі. Бұл
мӛлшер тауар ұсынысының қай бӛлігі бір фирманың қолында
шоғырланғанын кӛрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер
бірнеше индекстерді пайдаланады. Соның бірі - Херфиндаль-Хиршман индексі
(І hh ) I hh =(x 1 ) 2 +(x 2 ) 2 +…+(x n ) 2 мұнда,
х 1 - % түрінде кӛрсетілген саладағы фирмалардық әрқайсысының үлесі.
Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары
болады.