тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты


-ТАҚЫРЫП. ЭТИКА. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ



бет12/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ

9-ТАҚЫРЫП. ЭТИКА. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ.


Мақсаты: Этика, сондай ақ құндылықтар философиясын талдау.
Дәрістер жоспары(2 сағат)
1 дәріс

  1. Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері.

  2. Негізгі этикалық категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).

  3. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары).

  1. дәріс

  1. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем.

  2. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәубе», «әділет», «сабыр» категориялары.

  3. Саяси этика. Зорлық. Толеранттық. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.

Кілттік сөздер: Аксиология, этика, саяси этика, кәсіби этика.

Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Индияның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахаманизм деп аталатын діни – философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, жалына беру – деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансара да ) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансарадан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу, тіршіліктің қамын бастан шығару, күнделікті өмірге керек игіліктердің маңызын төмендете келіп жоққа шығару: адам өзінің жан дүниесін қуаныш – күйініш, қынжылыс, қызғаныш, уайым – қайғы сияқты сезімдердің бәрінен біржолата тазартып, айналада өтін жатқан істер мен құбылыстарға бір түрлі түңіліспен немқұрайды, бейтарап қарайтын күйгежету. Бұл жайды буддизм нирвана деп атайды. «Нирвана» өшу, сему деген мағынада айтылады. Оған жеткен адам (архат) – азат – қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, ол дүниемен бұл дүниенің айырмашылығын сезіп аңғару шегінен алысқа кеткен адам. Адамды азаптан құтқарудың мұндай жолы мүмкін бе, мүмкін емес пе, дұрыс па, әлде теріс пе, мәселе бұл жерде бұлай қойлып отырғын жоқ, тек буддизм философиясының адам проблемасын ең жоғары биіктікке көтеріп, өзін түгеліндей соған арнағаны жайлы болып отыр.


Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғаулардынан туған. Бір нәрсенің сырын ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмеітінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінсе, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ен алғаш таңдану, таңырқану сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
Біздің білетініміздей, философияның негізгі мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субьективтің (адамның ішкі дүниесінің) обьективтікке (сыртқы дүниеге) қатысы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана сезімі мен ақыл – ойының, тілі мен дүниетану және оны өзгерту қабілетінің өзі қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Материяны, табиғатты алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы деп қарайтын материалистер үшін де, рух пен сананы алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүру алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамсыз, адам проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің де түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама – қарсы болғанымен – қарастыратын, зерттейтін пәні біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатысы.
Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі, алдынғы тарауларда айтылғандай өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адамдық проблемаларды алды. Көне замандардағы египеттіктер философияның үйрететін пәні құдайлар мен әділеттік мәселесі деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі қытай философы Конфуций өз ілімнің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік» қасиет адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесе – көлденең өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін), көмекке (кімнің де болса адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрінің басын біріктіріп, әрқайсысын қамти алатын моральдық – философиялық ой түйіннін Конфуций: «Өзіңе жасалғанын қаламайтын қылықтарды басқаларға сен де жасама» деп қорытты.
Платон философиясының өте маңызды бөлімі адамның арманына шығатын «Мемлекет» туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті мемелекет қандай болу керек – осыны кескіндеп, бейнелеп беруді философ өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай идеалды мемелекетті ең ақылды, білімді адам, яғни Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс. Ондағы азаматтар үш тапқан бөлінеді: қарапайым адамдар, әскери адамдар, күзетшілер. Негізінен мемелекет басына келетіндер соңғылардың ішінен шығады. Бірақ алғашқылардың арасынан да ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі – жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп біледі Платон. Әділеттік принципі үстем идеалды мемлекет жасаудың басты шарты етіп Платон адамдарға сол мақсатқа лайықты білім, тәрбие беру мәселесін қояды. Оқу, тәрбиенің міндеті адамдарды ізгі ниеті, ержүректі, қалтқысыз, таза, өнегелі азаматтарға айналдыру. Мемлекет басқарушы тап болып есептелінетін күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғана тұрады, жалпыға ортақ асханалардан қарапайым тамақ ішеді, өмірге ең бір қажет заттар болмаса, жеке меншік болмайды. Алтын – күміс тәрізді асыл бұйым жинауына тыйым салынады. Бақытты болу байлықта емес. Идеалды мемелекеттің мақсаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық азаматтарды бақытты ету деп түсіндіреді Платон.
Адамдық проблемаларға Аристотель де ерекше көңіл аударған. әсіресе оның философиясының «Этика» бөлімі түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау берді. Аристотельдің айтуынша мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті- азаматтардың жақсы қылықтарға, таза ниеттілікке үйретіп, оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай жайға жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез – құлық қасиеттерінің әрқайсыс біріне – бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың орта аралығы болып табылады. Бұлардың екеуі де теріс қылықтар. Мысалы: батылдық – қорқақтық пен басбұзарлықтың аралығы, сыпайлық – ұялшақтық пен ұятсыздықтың, мырзалық – сараңдық пен дүние шашушылықтың аралығы т.т. Аристотельдің ұғымы бойынша ең жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреулерді жамандағанды сүймейді. өзінің күштілігін әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады. Тек күштілердің алдында ғана өзін жоғары ұстайды. Жауға ашық жау, досқа ашық дос болғысы келеді. Оның көңілі пайдалығы емес, тамашаға, сұлулыққа ғана ауады. Қайырымды, ақ пейілді кісінің жүрісі жайлы, дауысы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс.
Дегенмен, Аристотель де өз заманына сай ойлады. Құлдарды ол адамға санаған жоқ, «сөйлей білетін құралдар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол, сияқты, әкесінің баласына қайырымды болуы да міндет емес, өйткені ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндет, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді.
Адамның ой – сезімін, мінез – құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдығы Шығыстың әйгілі ойшыл философы, біздің жерлесіміз, әл – Фараби болды. Әл – Фарабидің айтуынша бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілеті бар. Ол : а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой парсаты.
Бұл қабілеттер өзінен - өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысн дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін емдеп, дұрысын ілгері дамыту, сол арқылы адамның мінез – құлқы мен ой – парсатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан, мемелекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл – Фараби былай деп үйретеді: қандай да болмасын іс қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, ұшқарлықтан сақтануы керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір – біріне қарама – қарсы екі жаман қасиеттердің аралығынан туады. Бұл арада әл – Фараби тигізген Аристотельдің әсері көрініп тұрады. «Бақытқа жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде ғалым кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан – жақты да,терең зерттеп, талқыға салады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған кемеңгерлік ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
«Ой – парасат ғасыры» деп аталған XVII ғасыр адам жөніндегі философиялық мәселелердің қойылысын жаңа сатыға көтерді. Бұл ғылым мен техниканың бұрын болып көрмеген жетістіктерімен бірге туған капиталистік қатынастардың даму кезеңі болатын. Табиғаттың тереңдігі құпия сырларына көз жүгіртіп, неше алуан машиналар ойлап шығару арқылы өндіргіш күштердің жаңа сапамен өркендеуіне кең жол ашқан адамның ақыл- ойы өзінің тіңдесі жоқ жасампаз күшін ерексіз мойындатқан дәуір болды. Сол заманның Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза сияқты әйгілі философтары адамды өз болашағы өз қолында, құдайдын да, басқадан да тәуелсіз, тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деп таныды да, өздерінің философиялық ізденістерін тек осы бағытта дамытты. Олар адамның ерекшелігі де, рухани күші де оның ақылыл мен ойында, ойлау қабілетінде деп біледі. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды. Француз философы Ренэ Декарттың «мен ойлай білемін, олай болса мен бармын» деген қанатты сөзінің мәні де осында.
Адамдардың ақыл – ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне XVIII ғасырдағы француз ағартушылары мен материалистерінің философиялық ілімі де ерекше көңіл аударды. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан XIX ғасырдың неміс философиясына ауысты.
Каннтың адам проблемасына арналған негізгі принципі - әрбір жеке адмның өз алдына мақсаттық нысана ретінде қаралу қажеттігі. Бұл адам мүддесі жөніндегі ілімнің басты мәселесі болды. Абамға деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қоюмен болды. Адам бостандығын, еріктілігін Канттың қалай қолданғанын оның мына бір ауыз сөзімен толық аңғаруға болады: «Адамның барлық іс – қимылдарының басқа біруедің еркіне бағыныштылығынан асқан сорақы сұмдылықтың болуы мүмкін емес».
Классикалық неміс философиясына келетін болсақ, ол адамды мәдениет дүниесін қалыптастырушы, рухани қызметтің іске асырушы, жалпы дүниелік сананың, рухтың, ой – парасаттың иесі деп қарады.
Тарихқа материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық алатын орнын түсінуді шын мәніндегі ғылыми деңгейге көтереді. Адам бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғаттық болып бөлшектеніп, бір жақты немесе таза абстракты түрде қарамай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы - тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болды. Адамның табиғи - әлеуметтік мәні, қоғамдағы ролі мен орны жөніндегі мәселе оның ондаған мың жылдар ішіндегі тарихи алға босу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты. Марксизм осыны дәлелдеді.
Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болды. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір – бірімен қарым – қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жай ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір дене емес. Түптеп келгенде, адамның да,қоғамның да мақсаты – адам қамы. Оның материалдық, рұхани мүдде - талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басының қанау мен езгіден, өз басының басқаның үстемдігінен бос еркін өмір сүруінен, оның ішкі қабілеттері мен дарын - талаттарының уақытында толып ашуына әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау, басқаша айтқанда , адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша да, үкімет басшысы да емес, оның өз еңбегі, ақыл – ойы мен екі қолының күші, іскерлік қабілеті. Адамның қоғамдық өмірде орны, әлеуметтік жай – күйі толығынан өз еңбегінің саны мен сапасына, әлеуметтік пайдалы белсенділігіне сай белгіленуі тез. Ол өмір сүретін қоғам оның адамдық қалпын, жөн – жасығын тек осы жолмен ғана анықтап, іске асыруға міндетті.
Бұл марксизм белгілеген адам проблемаларының шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізінде адамның жөн – жосығын ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікте, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын – соңды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыруы керек еді. Бірақ ол жеке адамға табыну, волютаризм және тоқырау кезеңдерінде адам айтқысыз қиындықтарға душар болып, табиғи тура жолынан ауытқып кетті. Өндіріс адам қамына, оның талап – мүдделеріне бағындырылудың орнына адам өндіріс мүдделерінің құлы, құрбаны болып кетті, ал оның еңбегі - өмір сүрідің амал емес, адамға қамқорлық қағазға жазылған бос сөздің деңгейінен аспады. Қайта құру, қоғамдық өмірді революциялық жолмен тазартып, жаңғырту программасы мен жариялылқ принципінің көздеген нысанасы – социализмнің лениндік бейнесін қалпына келтіру, сөйтіп оны әлеуметтік прогрестің жаңа сатысына көтеру болмақ. Бұл программа іске аса қалған күнде адамды шын мәніндегі адамдық дәрежеге көтеріп, оны өзіне - өзі қожа, белсенді де адал, жан – жақты дамыған ерікті азаматқа айналдыру мүмкіндігі тауды деген үміт бар. Тек билік түгелінен халықтың қолына көшіп, әлеуметтік әділдік үстемдік алса, қоғам праволық мемлекетке айналып, жасанды бұрмалаушылықтардың қайталанбауына берік кепілдік туса, тек сонда ғана «барлығы да адам үшін, оның еріктілігі, өркендеп жетіле беруі үшін» деген ұран ақиқатқа айналып іс жүзіне асады. Тек сол жағдайда ғылыми философия адамның ерікті, бақытты биік нысана ретіндегі идеалын ғана емес, шынайы бейнесін де кескіндейтін болады.
Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Аристотельдің анықтамасы бойынша адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардың адамнан айырмашылығы – оның қоғамнан тысқары жағдайда өмір сүре алмайтындығы. Аристотельдеің осыны айтқысы келген болуы керек. Орта ғасырдағы католизм діни философы Фома Аквинский адамды дене мен жаның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп қарады. Жан оның ұғымында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене құмарлық пен ынтымақтық аренасы, жындардың ұясы. Сондықтан адам өмір бойы сайтандар тұзағынан босанып, құдайдың жарық дүниесіне асығумен болады.
Философиялық антропологиягың материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүру алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуымның міндетті шарты «сенің» болуың, басқалардың болуы. Маркстің адам туралы ой жүйесінің алғашқы бастамасына негіз болған Фейербахтың осы тезисі еді. «Индивид (дара адам), - деп жазды Маркс, - бұл қоғамдық хайуан. Сондықтан оның өмірінің әрбір көрінісі... қоғамдық өмір көрінісі және тұрақтануы болып табылады». Бақаша айтқанда, адамды жан – жануарлардан әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі. Себебі қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіріп үлгемеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті болмайды. Бұл жағынан, ол жануарлардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі жай.
Ата – ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз ол адам болып өсіп, жетіле алмақ емес. Кездейсоқ бір себептерден кішкентай балаларды жыртқыш аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарих жақсы біледі. Отыздан астам мәлім болған жайлардың барлығында да балалар адам қалпынан айырылып шыққан. Төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырып өсірген жануарлардың барлық қималдарына еліктеуден басқа ешбір қабілет қалмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам бейнесіне келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі мамн ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген. Демек, адамның адмдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін кімде болса туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбекгімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте – бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір – бірімен қатынас, байланыс жасаудың, керекті ойларын сөз арқылы бір – біріне жеткізуді үйренеді. Бара – бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру тәсілінен туады.
Енді «индивид» (дара адам, жеке адам) «личность» (кісі, тұлға) ұғымдарын қысқаша талдап өтелік. Қазақ тілінде «индивид», «личность» деген сөздерге дұрыс балама табылмай келеді. Латын сөзі бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген күйі, немесе «дара адам»деп баламалаған дұрыс сияқты. Жаңа туған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, адамдық сипатқа ие болған жоқ. Онда кісі болып жетілудің биологиялық та, психологиялық та, тіпті әлуметтік те алғышарттары, мүмкіндіктері бар. Алайда адамзат мәдениетінің тарихи жемістерін игеру тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісілік деңге көтеріліп, өзінің «мәнін» тұрақты бекіту үшін сол керек.
Кісі – бұл жаңа сападағы, индивидтің өзімен бірге іштен тумеған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік – психологиялық және моральдық қасиеттр қосындыларының иесі, ақиқат болмысты тануға және өзгеруге бағытталған жасампаз әрекет субьектісі. Басқаша айтқанда ол қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: «Әй, мынау кісілктен жұрдай екен, бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде екен» деп ренжитіні белгілі. Ойлана келгенде «кісі», «кесілік» - деген түсініктер «личность» деген ұғымға бір табан жақын келетін сияқты. Ал кісілігі мол, азаматтығы жұрттан асқан, көпшіліктің көңілінен шыққан ардақты да ақылды адамдарды халқымыздың «маңдайға біткен тұлға» деп дәріптейтіні белгілі.
Кісінің қалыптасуы оның әрекеттену және басқа адамдармен ой алмасу процесінде өтеді. Бұл процесті индивидтіңәлеуметтіендіру процесі деп атаға болады. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еркінсіз таңылатын жай емес, керісінше, оның белсенді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез – құлқын қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгеріп отыруы арқылы іске асады. Соның арқасында адамда өз мінез – құлқын, әрекетін басқа адамдырдың сондай қылықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, философия тілімен айтқанда, өзін-өзі тану қабілеті жетіледі.
Қоғамдық болмыстың әсерінен адамның әрекеттену , ой алмасы жолында қалыптасатын кісілік қасиеттерінің ішіндегі аса маңыздысы – дүниеге көзқарас. Кез келген кісіні алып қарасақ, оның дүниетанымы діни де, материалистік те, ғылыми да, ғылымға жат та т.б. болып шығуы мүмкін. Егер оның осындай көзқарасының әлеуметтік жағынан көңіл аударсақ, қандай қоғамдық топтарға, қозғалыстарға қызмет жасайтынын, қандай топтармен қозғалыстарға қарсы екенін, интернационалист, не ұлтшыл, революционер не кертартпа екенін аңғаратын боламыз.
Дүниеге көзқараспен бірге адамның ішкі сипаты қалыптасады. Сипат дейетініміз әлеуметтік ортаның, тәрбиенің әсерімен пайда болатын адамның мінез – құлқындағы, іс - әрекеттіндег тұрақты психологиялық стиль, әдетке айналған тәртіп. Мұндай сипат «қаланып» жетілген шақта адам өзінің «адамдық» мәнін көрсете алады, қоғамдағы өзінен тиісті орынға ұмтылу правосына ие болады.
Кісілік сипат ешқашан жетіллу шегіне жетіп, тоқырап қалмайды. Ондай шек жоқ, өйткені оған үнемі қозғау салып, жаңартып, жаңғыртып отыратын болмыстың өзі. Адам қанша өмір сүрсе, сонша уақыт оның әлеуметтік – психологиялық сипат да өзгерту, толысу не кему үстінде болады. Себебі, сипат өзгерісіне сыртқы орта әсерінің күрделі де қайшылықтарға толы мазмұнының идеалдық бейнесі кескінделеді.
Дүниеге көзқарастың, әлеуметтік – психологиялық сипаттың ең прогресшіл, бай түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік – жігерімен қосылмаса, жансыз, пайдасыз бейне болып қала береді. Психикалық қызметтің саналы жәнеең белсенді қозғалуға жеңіл қыры, бөлімі болып табылатын жігер адамның алдына қойылған мақсатпен тығыз байланысты және оған жетуді қамтамасыз етудегі бірден – бір сенімді рухани күш. Бұл жағынан алғанда, жігерді көздеген мақсатты іске асыруға ниеттелген әрекетке, іс – қимылына ауысып отыратын терең сенім идеясы десек те болады. Психокалық әрекеттің басқа да түрлері тәрізді жігер де қоғамдық орта мен тәрбиінің әсерін бағынады. Сондықтан оны ақылдың күшімен белгіленген арнаған салып отыруға болады.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі. Жігерлі адам әрқашан да өзінің тұрақты қалпына сақтайды, өз алдына шешіліп қызмет жасайды, ұстаған жолына, алған шешімінен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы, бағылдығы жетіспейді. Тіпті өте білімді, қабілеті мол, бірақ жігері аз адам өзінің бай рухани мүмкіндіктерін қолайлы жағдайлар болып тұраған күннің өзінде де іске асыра алмай қалатын фактілері жиі кездеседі. Бірақ түпте келгенде, мәселе жігердің күштілігінде не әлсіздігінде емес. Мұның екеуін де тәрбие арқылы, әр адамның еңбекгін, қоғамдық тәртібін, жұртшылық алдындағы, өзінің ар – ожданы мен семьясы алдындағы жауапкершілігін көтеру арқылы ретке келтіріп отыруға болады. Тек кімнің де болмасын жігері теріс, қоғамның, халықтын мүддесіне қарсы келетін іске жұмсалмай, адам илігіне арналған қызметке бағытталып тұрса болғаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет