тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет15/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ

11-ТАҚЫРЫП. ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ.


Мақсаты: Өнер философиясын талдап, көрсету, таныстыру.


Дәрістер жоспары(2 сағат)
1 дәріс

  1. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері.

  2. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).

  3. Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми).

  4. Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).

  5. Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский).

  6. XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо).

  1. дәріс

  1. Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг).

  2. XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер).

  3. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен.

  4. Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары.

  5. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.

Кілттік сөздер: Өнер, классика, эстетика, көркем өнер.

Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.


Қолданбалы өнер Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі- қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер түындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны жаратушы- суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар.
Сәулет өнері. (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріні айналады. Архитектура-адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлу заңы бойынша қалыптасуы.
Кескіндеу өнері. Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән.
Мүсін өнері. Мүсін өнері-құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, матеиалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік –бейнелеуші өнер. Адам –мүсін өнерінің жалғыз болмағынымен, ең басты обьекті.
Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи және қоғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катализмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамға тән.
Театр — әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзеге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі-драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәулет, сән өнерін, кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі.Театрдағы көркемдік бейненің «құрылыс материалы»-тірі адам, актер. Драмтург пен режиссердің ойы актер ақылы жүзеге асады.
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, «сұлулық», «әсемдік» және оған қарама-қарсы «трагедиялық» және «комедиялық» туралы алғашқы түсініктер қалыптасты.
Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурсия жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нәтижесінде адам әлемі микрокосм. Адамның өнері макрокосмға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.
Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымын тұнғыг Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталып кетейін.
Катарсис (грек. «тазарту») адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.

Пифагор және оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка ғарыш үндестігінің жердегі көрінсі болғандықтан тек жан сарайын тазалап ғана қоймайды, сонымен қатар, ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген.


Платон болса катарсисті өнердің бір түріне ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырады. Оның айтуынша, катарсис жан дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие.
Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
«Калокагатия» термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады.
«Калокагатия» термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға «калокагатия» ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті.

Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, ізгілікке, этикалыққа және интеллектуалдыққа – бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мумкін емес. Дәл сол сияқты кемшілік біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа сыймайды және мумкін емес. Бұл жағдайлардың кеуіле мумкін емес. Көбінесе, әрбір ізгілік іске немесе бірнеше ізгілерге , не болмасабелгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге бейім болады, сөйтіп біреу бір ізгі іске немесе өнерге, екінші біреу екіншісіне, үшінші біреу үшіншісіне бейім келеді.


Кейбір деректерге қарағанда , оның шығарған музыкалық әндері осы күні Иран, Ирак, Туркия және тағы басқа да Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі жасаған Канун, Уд, Қыпшақ деп аталатын аспаптары болған сияқты. Фараби музыка теориясына арнап бірнеше еңьек жазған: Музыканың улкен кітабы, Музыка жайлы талдау, Ырғақтардың классификациясы. Бұдан басқа Ғылымдардың шығуы, Ғылымдардың энциклопедиясы атты туындыларында музыка ғылымын талдауға арналған жеке тараулары бар.
Әлемге танымал болған Фарабидің Музыканың улкен кітабы атты еңбегі кейінгі жазылған бірнеше ғалымдардың трактаттарының жинағы деген көзқарастар да бар. Музыканың улкен кітабының алғы сөзінде Фараби музыканың ежелгі заманғы ғалымдардың көзқарастарымен көбімен келісе алмайтынын, кейбір қателерін тапқанын, теориясының жағдайы мен сапасына өзінің қанағаттанбағандығын, яғни көңілі толмағандығын айтқан, онда айтылған барлық басқа өнерлер әсіресе , музыка өнері, толық түрде зерттелмегендігін жазады және пайымдалған немесе қабылданған пікірлердің көпшілігі мазмұны түсініксіз, олардың мазмұнының бір- бірімен байланысы жеткіліксіз болғандығын көрсетеді. Сонымен, көне музыка ғылымының пайда болуы мен даму процесін жоққа шығармай, Фараби олардың, яғни ежелгі заманғы ғылымдардың айтқандарының кемшіліктерін, көптеген шығармалардың жойылып кетуін және олардың араб тіліндегі аудармаларының дәл еместігін, яғни араб тіліне сай аударылмағандын түсіндіреді.
Ғалымның айтуынша, теориялық өнерде қалыптасқан жағдай оны өзінің кітабын жазуға талаптандырған. Фарабидің өткен зерттеулерден белгілеп алған басты мәселесі-ол музыка ғылымында өңделген, яғни бір қалыпты жүйеге келген әдіснаманың жоқтығы.
Музыканың улкен кітабының мазмұнын сипаттай келе, Әбу Насыр әл- Фараби біз өзімізге қажетті тәсілді қандай да бір басқа әдіс-тәсіл деп есептемей келдік деп ерекшеленіп көрсетеді. Трактаттағы барлық кейінгі мазмұндамалар тек қана музыкалық –теориялық жүйені көрсетуге түсіндіруге арналған, онда сонымен бірге оның негізгі әдіс-тәсілдерінің дамуы да көрсетіледі. Ортағасырлық ғылыми дәстүрге сәйкес, мұнда бұл мәселе білім сұрауы ретінде тұжырымдалады. Оның мән-маңызы, жолы мен мақсаты ғалымның терең аспектілі әлемдік көзқарасына ықпал етіп, оны талқылау ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан шығады. Әл-Фараби — өз еңбектерінде таным және әдіснама ғылымдарының сұрауларын терең зерттеген ең алғашқы араб-мұсылман философтарының бірі.
Музыканың үлкен кітабы атты еңбегі осы сұрақтардың өзгеше арнайы талқылануына қарамай, ең кең таралған еңбектерінің біріне жанады. Аталған кіріспе бөлімінде музыка ғылымының әдіснамалық мәселесі түріндегі білім тақырыбында шығарманң негізгі ішкі мағынысын қарастырып, оның әр түрлі тақырыптық бағыттарын топтастырып, біріктіріп, бір жерге жинастырады. Адамның таным қызметін, сонымен қатар олардың семантикалық бөліністерін сипаттайтын ұғымды, мағлұматты ұғындырып , трактаттағы бұл тақырыптың қажеттігін түсіндіреді. Теориялық оқудағы ең басты сауалды түсіндіруде білім музыка өнерінің мақсаты мен белгілі бір ерекше мағынасына ие болды. Сонымен, оны түсіндіруде, автор музыка теориясын зерттеуде өзінің әдіснамалық принциптерін логикалық талдау арқылы және эпистемологияны негізгі философиялық онтология түсініктерімен байланыстырып түсіндіріледі.
Осыған орай, музыка ғылымына 2 еңбек арнаған. Біріншісі-музыка ғылымының негіздеріне, екіншісі ежелгі авторлардың көзқарасына жасалған түсініктемелеріне арналған. Фарабидің бірінші кітабы екі бөлімнен: ғылымға кіріспеден және ғылымның өзінен тұрады. Кіріспенің өзі екі бөлімге бөлінеді, негізгі бөлім үш тараудан және әр тарау екі тараушадан құралған. Жалпы алғанда, кітап 12 тараудан тұрады.
Әл-фарабидің жазып кеткен екінші кітабы бізге жетпеген. Музыканың үлкен кітабының Музыкалық өнерге кіріспе деген бөлімі жеке бір трактат болып жазылған. Кейбір еуропалық ғалымдар, атап айтқанда Козегертен, Ланд, Триподо «бұл, мүмкін Фарабидің екінші кітабы шығар» дегеен пікірлер айтады. Зерттеушілердің пікірінше, «Музыканың үлкен кітабы»- саманидтік эмир Мансур ибн Нухтың өтінішімен жазылған энциклопедиялық еңбек «Екінші ілімнің » (Ат-Талим ас сани) бір бөлімі. « екінші ілімде » Аристотель философиясына түсініктемелер жасалған. Фарабидің көзінің тірісінде осы еңбегі үшін «Екінші ұстаз» дегн атақ берілген. Сонымен қатар, ғылым тәжірибесі музыка теориясы туралы осындай маңызды еңбекке мұқтаж болғандығына куәлік етеді. Музыка ғылымының қайнар көздері антикалық мұралармен тығыз байланысты.
Фараби заманауи музыкалық тәжірибеге ғана сүйенбеген. Өз еңбектерін Согда, Хорасан, араб елдерінің, үндістердің, римдіктердің, гректердің және тағы сол секілді халықтардың ежелгі музыка мәдениетіне де үлкен мән бере отырып жазған. Ол антика теоретиктері- пифагоршылдарға, Аристотельге,Птоломейге, Аристоксенге сілтеме жасап, мұсылмандық дәстүрге дейінгі аспсптар, музыканың түрі мен формалары жөнінде баян етеді.
Фараби музыка ілімін жасауда, сөз жоқ, ежелгі грек оқымыстыларының еңбектеріне сүйенеді. Алайда Фараби бұл авторлардың идеяларына сын көзбен қарап, логикалық сарапқа салып, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде қайта талдап шығады, олардың дұрыс-бұрыс жерлерін дәл басады. Сондықтанда Фараби бұл салада гректердерден көп озық кеткен. Мәселен, ежелгі грек ғұламалары аспаптарды зерттеуді тіпті қолға алмаған. Ал Фараби музыкалық аспаптарды зерттеуді тыңнан бастап, математика және физиканы жетік білгені сонша , олардың музыка іліміндегі мүлт кеткен жерлерін дәл тауып түзетеді, дамытады. Мен тек музыка ғылымын бағалаушы емеспін, музыка өнерін де бағалаушымын, сондықтан ежелгі гректарге қарағанда, көп іс жасауыма мүмкіндігім болды»,-деп жазады Әбу Насыр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет