Тақырып салық ЖӘне салық ЖҮйесін ұйымдастыру негізгі ұғымдар


Салықтарды салу обьектісі бойынша тура және жанама



бет3/8
Дата16.10.2023
өлшемі27,46 Kb.
#116392
1   2   3   4   5   6   7   8
Салықтарды салу обьектісі бойынша тура және жанама болып бөлінеді.
Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Ал жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтар қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті болып бөледі.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті денгейлердің бюджеттеріне шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы: зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланатын әлеуметтік салық) сияқты.
Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар дегеніміз- төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар дегеніміз- кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Мағлұмдамада деген салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктері, шегерімдері көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлүмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен мынадай салықтарды кейінгі жылдың 31-наурызына деін кешіктірмеу керек: корпарациялық табыс салығын, жеке табыс салығын төлеушілер( арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда).
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдістері.
Кассалық әдісі – табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынатын ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады. Ал есептеу әдісі- табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өзкізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызмет органдарын кіріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет