ТАҚЫРЫП-4. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ Негізгі ұғымдар:
Салық
Салық элеметтері
Салық салу қағидалары
Салық функциялары
Салық жүйесі
Мазмұны:
Салықтар туралы түсінік және олардың әлеуметтік-экономикалық
мәні мен функциялары
4.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру
4.3 Салықтар алымдарын ұйымдастыру
4.4 Салықтың түрлері
4.1 Салықтар туралы түсінік және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен функциялары
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:
пайда (алынған игіліктер) қағидасы
“қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидасы
Бұл дегеніміз алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаларын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне әкеп соғады.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың класикалық қағидасын бұрын А Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс. Бұл деген әділеттік қағидаты болып табылады.
Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек. Бұл анықтылық қағидасы.
әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алудың тиіс. Бұл да қолайлылық қағидасын білдіреді.
Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс. Бұл үнемділік қағидасы.
Бұл қағидаларды пайдалану салық салуда зорлық зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізеді және А Смитке “салықтар- оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны” деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Салық салудың қазіргі қағидасы мынадай:
Салық салудағы әділдік қағидасы
Қарапайым қағидасы
Салықтардың анықтығы
Жеңілдіктердің ең аз саны
Салық салудың экономикалық бейтараптығы
Салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірынғай болып келеді.Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлуші болып үшке бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.