Әлеуметтік салық- мемлекетте алынатын салықтын бірі. Әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізіледі.Әлекметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 15,7% алады. ҚР-сының резидент-заңды тұлғалары, шетелдік заңды тұлғалардың филалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметтерін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке натариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.
Жер салығы- 1992жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және орналастыру, жердің құнарлығын аттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтық әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады.
Мүлікке салынатын салық- тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығында немесе өзге де әдістермен алынатындығына қарамастан олардың табысы болып есептеледі.
Көлік құралдарына салынатын салық- меншік құқығында салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері төлеушілер болып табылады.