Тақырып салық ЖӘне салық ЖҮйесін ұйымдастыру негізгі ұғымдар


Салықпұл- субъектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері –



бет5/8
Дата16.10.2023
өлшемі27,46 Kb.
#116392
1   2   3   4   5   6   7   8
Салықпұл- субъектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы.

  • Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату.

  • Жеңілдік кезеңдері – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.

  • Салқы төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері- билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.

  • Салық бақылау- салық қызмет органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

  • Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.

    4.4 Салықтың түрлеріне сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді.
    1. Салықтар


    1. Корпарациялық табыс салығы.

    2. Жеке табыс салығы

    3. Қосылған құнға салынатын салық

    4. Акциздер

    5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

    6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

    7. Әлеуметтік салық

    8. Жер салығы.

    9. Көлік құралдарына салынатын салық

    10. Мүлікке салынатын салық

    11. Қазақстан Республикасының жасалған келісім шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі.
    1. Алымдар


    1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

    2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

    3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

    4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

    5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

    6. Теңіз, өзен, кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

    7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

    8. Дәрігерлік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

    9. Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы арқылы жүру алымы.

    10. Аукциондардан алынатын алым.

    11. Консулдық алым.

    12. Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

    13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілігік спектрін пайдалануға бергені үшін алым.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет