Тақырып салық ЖӘне салық ЖҮйесін ұйымдастыру негізгі ұғымдар



бет2/8
Дата16.10.2023
өлшемі27,46 Kb.
#116392
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Фискалдық функциясы- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін талыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзага асыруды қамтамасыз етеді.
Реттеуші функциясы- мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.
Қайта бөлу функциясы- бұл арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттң қармағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардан алатын үлесі арқылы анықталады.
Мемлекет салық саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
4.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру. “Салық” ұғымымен “салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызмет органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесі деп атайды. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұнғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы” заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаларын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат болатын. Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар сен алымдар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілер болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әртүрлі қағидалар бойынша жікеледі.

  • салық салу обьектісілері бойынша

  • салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасатын органға қарай

  • пайдалану тәртібіне бойынша

  • обьектінің экономикалық белгісі бойынша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет