Тақырып салық ЖӘне салық ЖҮйесін ұйымдастыру негізгі ұғымдар


Салықтар алымдарын ұйымдастыру



бет4/8
Дата16.10.2023
өлшемі27,46 Kb.
#116392
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

4.3 Салықтар алымдарын ұйымдастыру. Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне болады. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық элементері болып мыналар жатады:

  • Салық субъектісі немесе салық төлеуші – ол салықты және бюджетке басқа төлемднрді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға салық салынушыға аударылуы мүмкін.

  • Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілір, яғни мемлекет азаматтары.

  • Салық обьектісі – мүлік пен іс-әрекеттер салық обьектілері және салық салуға байланысты обектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі

  • Салық базасы- салыө салу обьектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

  • Салық өлшемі- есеп-қисап үшін белгіленген салық обьектісін өлшеу бірлігі ( теңге, табыс, айналым., т.б., жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары)

  • Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.

Салық салу мөлшерлемесіне қарай мынадай болып бөлінеді.

  1. тұрақты салық мөлшерлемесі- олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы: мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне) деген сияқты.

  2. үйлесімді салық мөлшерлемесі – олар салық обьектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді.

  3. прогресивті салық мөлшерлемесі – бұл жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады.Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін да төлейді. Прогресивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.

  4. регрессивті салық мөлшерлемесі – олар табыстың өсіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауртпалық түсіреді.

  • Салық кезеңі- жекеленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсіндіреді, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет