Салықтан басқа Қазақстан Респуликасында Салық Кодексінде белгіленген және белгілі мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдаы – алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б) іс-әрекет етеді.
Алымдар,баждар және төлемдер деп-әдетте заңды және жеке тұлғалардың мемлекттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу, қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.
Корпарациялық табыс салығы- бюджет түсімдерінде едәуір орын алады(27,2%)Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекттік мекемлерді қоспағанда ҚР-сы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадығы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді.Арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар –шағын бизнестің субъектілері, шаруа кожалықтары, заңды тұлға ауыл шаруашылығындағы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлері корпарациялық табыс салығын төлейді. Корпарациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.