Жеке табыс салығы- Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001ж. Дейін жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 0,9% алады.Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады. Салық мөлшерлемесі баспалтақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайздан 20 пайызға дейін белгіленген.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салынатын салық(ҚҚС) болып табылады. Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы: жарнамаға жұмсалынатын және басқа бірқатар шығындар кіріктіріледі.
Бұл салықтың ерекшелігі- оның салық салынатын обьектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17-елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада:
ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады
төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді
бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфлияция денгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрайды.
Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2,7% құрайды. Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциз мөлшерлемелерін Үкімет бекітеді.және тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Алкоголь өніміне акция мөлшерлемелері жоғарыдағыға сәйкес не одан су араластырылмаған (жүз пайыздық) таза спирттің бөлу көлеміне қарай бекітеді. Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу обьектілері респулика аумағында акцизделінетін тауарларды өзкізу немес оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілген қызметтерді, акцизделінетін қызметті жүзеге асыру операциялары болып табылады, импорт кезінде импорталатын акциз тауарларының көлемі немесе тауардың кедендік құны болып табылады.
Қазақстан Респуликасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады.Олар: үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлемдері және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын матералды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері мыналарды кіргізеді.
үстеме пайдаға салынатын салық
жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері
бонустар
роялти
өнімді бөлу бойынша ҚР-сының үлесі.
Бонустар- жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім шартта белгіленген мөлшерлерде және тәртіппен ақша нысанында төленеді.
Роялти- пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құрылымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төленетін төлем. Ақша немесе заттай нысанда төленеді.