Тақырып: Сап және оның элементтері. Саптық қалып. Сабақтың мақсаты


Қатар – әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы. Машиналар сызығы



бет2/5
Дата19.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#44053
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қатар – әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
  • Машиналар сызығы – машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
  • Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді.
  • Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың алдыңғы бөлігі).
  • Саптың тыл жағы – маңдайшепке қарама - қарсы жағы.
  • Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық.
  • Арақашықтық – әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.
  • Саптың ені – қапталдар арасындағы қашықтық.
  • Сап тереңдігі – бірінші қатардан (алдында тұрған әскери қызметшіден) соңғы қатарға (артқы жақта тұрған әскери қызметшіге) дейінгі, ал машиналардағы іс - қимылы кезінде – машиналардың бірінші сызығынан (алдында тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (артқы жақта тұрған машинаға) дейінгі қашықтық.
  • Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер бір адым арақашықтықта (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына алақанын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.
  • Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардағы әскери қызметші тұрмаса, онда ондай қатар толық емес деп аталады; соңғы қатар үнемі толық болуы тиіс.
  • Екі қатарлы сап артқа бұрылған кезде толық емес қатардағы әскери қызметші алдында тұрған қатарға ауысады.
  • Төрт және одан аз әскери қызметшілер үнемі бір қатарға сапқа тұрғызылады.
  • Бір қатарлы (қатар) және екі қатарлы сап жинақталған немесе жазылған болуы мүмкін.
  • Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір - бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықтарда орналасады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет