Тақырып: Сап және оның элементтері. Саптық қалып. Сабақтың мақсаты



бет3/5
Дата19.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#44053
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір - бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен аралықтарда орналасады.
  • Лек – әскери қызметшілердің бір - бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) бір - бірінің артында Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.
    • Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін.
    • Лектер бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа тұрғызу үшін қолданылады.
    • Төрт және одан аз әскери қызметшілер лекке бір - бірден тұрғызылады.
    • Өрістетілген сап бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай - ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
    • Жорықтық сап – бөлімшенің лекке сапқа тұрғызылған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақа шықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сабы. Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанат ты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай - ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
    • Бағыттаушы – көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.
    • Тұйықтаушы – лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).
    • Алдын ала және орындауға берілетін пәрмендер.
    • Сапты басқару (машинада) пәрмендермен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай - ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.
    • Пәрмендер лек бойынша белімшелер командирлері (машиналар жетекшілері) және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.
    • Сапта аға командир, оған пәрмен беруге ыңғайлы жерде болады. Қалған командирлер Жарғымен немесе аға командирмен белгіленген орындарда бола отырып, пәрмендерді береді.
    • Пәрмен алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын болуы мүмкін.
    • Алдын ала берілетін пәрмен әскери қызметшілердің назарын күшейту және пәрменді орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
    • Орындалатын пәрмен (ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.
    • Командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде және алдын ала берілетін пәрмен бойынша саптағы орнында тұрған әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді.
    • Бастық саптан тыс әскери қызметшіге назар аударған кезде ол бастыққа қарай бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
    • Алдын ала берілетін пәрменде қарумен тәсілдерді орындаған кезде қажет болған кезде қарудың атауы аталады.
    • Мысалы: «Автоматтарды кеуде – ГЕ!».
    • Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін пәрменде бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.
    • Мысалы: «Взвод (3 - ші взвод), ТОҚТА!», «Қатардағы жауынгер, Әлімов, Артқа БҰ-РЫЛ!».
    • Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ!» пәрмені беріледі. Осы пәрмен бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.
    • Үйрету кезінде Жарғыда көрсетілген саптық тәсілдер мен қозғалыстарды бөлінулер бойынша, сондай - ақ дайындық жаттығуларының көмегімен орындауға жол беріледі.
    • Мысалы: «Автоматты кеудеге, бөліну бойынша: жаса – БIP!, жаса – ЕКI!, жаса – ҮШ!». «Оңға, бөліну бойынша: жаса БІР!, жаса – ЕКІ!».
    • Бөлімшелерді сапқа тұрғызу «САПҚА ТҰР!» командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында сапқа тұрғызу тәртібі көрсетіледі.
    • Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға САПҚА ТҰР!».
    • Осы команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына жедел тұруы, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауы, саптық қалыпты қабылдауы тиіс.
    1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет