- өз қаруының, оған бекітіліп берілген қару - жарақтың, әскери және басқа да техниканың оқ - дәрілердің жеке қорғану құралдарының, шанецтік аспаптардың, киім кешек пен жабдықтың ақаусыздығын тексеруге;
- киім - кешекті ұқыпты реттеуге, жабдықты дұрыс киюге және келтіруге, жанында тұрған әскери қызметшілерrе байқалған кемшіліктерді жоюға көмектесуге;
- саптағы өз орнын білуге, оған жылдам, әбігерсіз тұруға; қозғалыста түзулікті, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын сақтауға; рұқсатсыз саптан (машинадан) шықпауға;
басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс - қимылға даяр болу керек.
Орнында «ТІК ТҰР!» пәрмені бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
Саптық қалып орнында пәрменсіз де қабылданады:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай – ақ пәрмендерді берген кезде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын баскиіміне апарады.
«ЕРКІН ТҰР!» пәрмені бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
«РЕТТЕЛ» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім - кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
«РЕТТЕЛ» пәрмені алдында «ЕРКІН ТҰР!» пәрмені беріледі.
Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ!» пәрмені беріледі.
Осы пәрмен бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.