Тақырып: Шикізат


Су сапасын бақылаудың мақсаты-



бет28/38
Дата09.05.2023
өлшемі0,99 Mb.
#91122
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
бакылау сурагына жауап

Су сапасын бақылаудың мақсаты- біріншілік мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. 
Әртүрлі көздердің су сапасының көрсеткіштері: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық болып табылады.
Физикалық көрсеткіштерге жатады:
1) өлшенген заттардың құрамы (құм, тұнба, планктонның
өлшектері). Тұнбаның булануынан кейін өлшеніп анықталады (мг/л);
2) шартты бірліктерде түстің (бояудың) бағалануы;
3) дәмі және иісі баллмен бағаланады (органолептикалық).
Химиялық көрсеткіштер шартты түрде бес топқа бөлінеді: негізгі иондар, еріген газдар, биогенді заттар, микроэлементтер және органикалық заттар.


21. Суды жұмсарту және тұзсыздандыру қалай жүргізіледі?
Суды тазалау — пайдаланылатын судыңсапасын өндіріс талаптарына (қазандық су, технологиялық су және т.б.) немесе санитариялық нормаларға (ауыз су) сәйкес жақсарту. Бұл мақсатта тұндыру, сүзгіден өткізу, жұмсарту, зарарсыздандыру, тұщыландыру, тұзсыздандыру және т.б тәсілдер колданылады.
Суға кермектілік беретін кальций және магнийқосылыстарынан тазалау, суды жұмсарту деп аталады.Суды жұмсарту әдістері:1)Физикалық(термиялық) 2)Химиялық(реагентті) 3)Физика-химиялық(ион алмасу). Физикалық әдіс – суды термиялық өңдеуге негізделінген, яғни қайнау, дистилляциялау және қатыру.Судың жұмсару тиімділігін арттыру үшін 95-980С қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап карбонатқа ауысып тұнбаға түседі: Ca(HCO3)2=CaCO3+H2O+CO2
Mg(НСО3)2 = MgCO3 + СО2 + Н2О
Түзілген магний карбонатын әк суымен әрекеттестіріп, қиын еритін магний гидроксидіне айналдырады. MgCO3 + Са(ОН)2 = СаСО3 + Mg(OH)2
Химиялық (реагенттік) әдістер – негізінде ағын су құрамындағы уытты заттардың уытын басуға және бейорганикалық қоспалардан тазартуға негізделінген.Реагенттік әдіске жататындар: қышқылдарды және сілтілерді, иондарды ерімейтін қоспаларға айналдыру, бейорганикалық заттарды қоса тұндыру.Химиялық әдістер – оны қолданғанда Са (ІІ) және
Mg (ІІ) иондары әртүрлі реагенттермен мүлдем ерімейтін қосынды болып түзіледі. Реагент түрінде әк, кальцийленген сода, натрий және барий гидроксидтері
және басқа да заттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет