1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 4-5 рет қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
4. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттілігі болып табылады. Тағам энергия, күш – қуат береді, дамуына ықпал етеді, ал оны дұрыс пайдалана білсе – денсаулықты нығайтады.
Адам денсаулығының 70 % тамақтануына байланысты екендігі әлдеқашан дәлелденген. Сонымен қатар тағам көптеген инфекциялық емес, созылмалы ауруларға да себепкер болады, сондықтан оның көмегімен аурулардың алдын алуға, әрі олардан сауығуға да болады.
Дұрыс тамақтану – бұл адам денсаулығының негізі, ол қоршаған ортаның түрлі жағымсыз әсеріне ағзаның төзімділігін арттырады. Біздің тініміз бен жасушаларымыздың жаңалануына ықпал етуші, сондықтан қаншалықты құнарлы тамақтансаңыз ағзаңыз соншалықты жасарады.
Дұрыс тамақтану – жақсы өмір сүру мен жасару. Ауруға әкелетін қатерлі факторлардың бірі – үйлесімді тамақтанбау, яғни соның нәтижесінде пайда болатын өзгерістер.
Деніңіз сау болсын десеңіз мына екі нәрсеге көңіл бөліңіз: бірінші дұрыс тамақтану, екінші салауатты өмір салтын қалыптастыру.