Таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
Түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
Кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
Аралық тамақтану:
таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңертеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын; түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - ашыма, сусын немесе шырын, айран.
Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады. Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы . Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.
Тағам мәзірін құрастыру: Дастарқан мәзірін зерттеу мына жоспар бойынша жүргізіледі: 1. Рационның тағамдық бағасы саналады. 2. Тағамның құрамындағы ақуыздар, көмірсулар, майлар, дәрумендер, минералды заттар анықталады. 3. Тамақтану режиміне баға беріледі. 4. Әр тағам қабылдағанда қолданылатын тағамдардың әр түрлілігі, жүйелілігі, тамақ тағамдарын жеке қабылдау. Ұжымдардың тамақтануын зерттеудің мақсаты: тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтап, нақты ұсыныстар беру. Бұл ұсыныстар тамақтануды жақсартуға және оны физиологиялық нормаға жеткізуге әсерін тигізеді. Барлық көрсеткіштер есептеу арқылы анықталады, ол үшін тамақ тағамдарының химиялық құрамы туралы кесте қолданылады. Ол көрсеткіш нақты болу үшін, арасында тәуліктік рационды зертханалық зерттеу жүргізіледі және олар дастарқан мәзірінің негізінде алынған, есептеу көрсеткіштерімен салыстырылады.