Үйлесімді тамақтану - көмірсу, май, ақуыз, минералды заттар, тағамдық талшықтар зат алмасу үрдісін қамтамасыз етіп, адам ағзасы өзіне қажетті қуат ала алады. Бірақ, ағзада пайда болған энергия мен жұмсалатын энергия арасында тепе – теңдік сақталуы керек.
Үйлесімді тамақтану- көмірсу, май, ақуыз, минералды заттар, тағамдық талшықтар зат алмасу үрдісін қамтамасыз етіп, адам ағзасы өзіне қажетті қуат ала алады. Бірақ, ағзада пайда болған энергия мен жұмсалатын энергия арасында тепе – теңдік сақталуы керек.
Тамақ ішу тәртібі тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігі. Тамақ ішу тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тағамдардың калориясы бойынша әр мезгілге бөлінуі жатады.
Ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақгану.Ал жұмыс жағдайында және оқу кезінде күніне 3 рет тамақтануға да болады.
Дастархан басына тамақ ішуге күн сайын үнемі бір мезгілде отырудың маңызы зор. Таңертеңгі немесе түскі астың уақытын өткізіп жіберуге, олардың орнын кейін толтырамын деуге болмайды. Тамақты кеңірдектен шығара тойып ішуге, асығыс ішуге де болмайды. Тамақ ішу тәртібі бұзылған жағдайда адам ағзасында әр түрлі ішек-асқазан аурулары пайда болады.
Сонымен қатар әр тамақ ішу сәті 20-30 минутган кем болмауы керек. Тағамды өте жай, асықпай шайнау керек. Ауыздағы тағам сілекеймен толық араласып болғанша шайнау керек. Әр тамақ ішу мезгілі арасындағы уақыт 5 сағаттан аспау керек. Тағамды белгілі бір уақытта ішудің өте маңызы зор. Асқорыту органдары белгілі бір уақытта тағам қабылдауға дайын болады. Асқазанда асқорыту сөлі бөлінеді.
Күніне 4 рет тамақганған кезде тағамның калориясына қарай төмендегідей бөлінеді: - таңертеңгі ас - 18 % - сәскелік ас - 12 % - түскі ас - 45 % - кешкі ас - 25 % немесе, - таңертеңгі ас - 25 % - түскі ас - 40 % - түстен кейінгі ас - 10 % - кешкі ас - 25 % Ал егер күніне 3 per тамактану болса: таңертеңгі ас - 30 % түскі ас - 45 % кешкі ас - 25 % Бірак, қандай да болмасын тамақ ішу тәртібінде соңғы тамақ ішу мезгілі мен ұйықтау арасында 2,5 - 3 сағат болуы керек, өйткені асқорыту жүйесі де бір мезгіл демалуы керек. Сөл бөлетін мүшелердің тынымсыз жұмыс істеуі олардың сөлінің құрамының нашарлауына және дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Ac қорыту бездерінің дұрыс жұмыс жасауы үшін, олар тәулігіне 8-10 сағат тунгі уақытта демалуы тиіс.