Тақырып: Тағам гигиенасы

бет1/9
Дата25.09.2024
өлшемі134,36 Kb.
#145604
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 тамақтану гигиенасы

Тақырып: Тағам гигиенасы

Тамақтану денсаулық факторы ретінде.Рационалды тамақтанудың казіргі кездегі аспектілері. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу.

МЕББМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО «КАЗАХСТАНСКО-
МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ» УНИВЕРСИТЕТ»

Тамақтану гигиенасы дегеніміз не?

Тамақтану гигиенасы дегеніміз не?

Тиімді дұрыс тамақтану мәселесін және денсаулықты сақтау, нығайту, әртүрлі аурулардың,сонымен қатар тамақтанумен
байланысты емес аурулардың алдын-алу мақсатында тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық ғылымның саласы.

Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет