7.Халықтың тамақтануын бағалау үшін қолданылатын әдістер?
7.Халықтың тамақтануын бағалау үшін қолданылатын әдістер?
Баланстық
Баланстық
Бюджеттік
Сұрау-өлшеу
Анкеталық
Өлшеу
Мәзір жіктемесі бойынша
Тағам статусы бойынша
Ауру бойынша
Зертханалық
Алиментарлық маразм - атрофия, әбден жүдеу. Дене массасы, әбден жүдегенге дейін төмендейді, терісі әжімденеді, жеңіл қатпарланады. Іші созылып немесе кеуіп тұрады, ішектің нұсқасы (жобасы) байқалады. Негізгі алмасуы төмендейді, дененің температурасы төмендеу болады, жиірек іш қатады, кейде аштықтан диарея болуы да мүмкін.

Тағамда майлар жоқ немесе жеткіліксіз болған кезде май жетіспеушілігі деп аталатын ауру пайда болады. Бұл ауру, дене массасының азаюымен, өсуі және дамуының баяулауымен, бауырдың, бүйректің, эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметінің бұзылуы, қылтамырлардың қабырғасының өткізгіштігі жоғарылауы, репродуктивті қызметінің нашарлауы, терісінің экзема тәрізді зақымдануы, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің төмендеуі арқылы білінеді.
Дәрумендердің жетіспеушілігі - гипо- және адәрумендіктер пайда болуына әкеп соғады. Бұл жағдайда, зат алмасуының көп жақтары, кейбір мүшелер мен жүйелердің қызметі бұзылады. (3 тақырып). Қырқұлақ, бери-бери, пеллагра деп аталатын, т.б. спецификалық аурулар пайда болады.
Минералды заттардың жетіспеушілігі, рационда минералды заттарды ағзаға түсіріп отыратын азықтардың болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде байқалуы мүмкін. Бұлардан басқа тағы да, белгілі бір аудандардың суында, топырағында олардың деңгейінің жеткіліксіз болуы салдарынан, бұл заттардың азықтың құрамында аз болуымен де байланысты болуы мүмкін, яғни, биогеохимиялық эндемия сипатында болады, мысалы, топырақта йодтың жетіспеушілігі кезінде эндемиялық зоб ауруы, фтордың жетіспеушілігі кезінде тісжегі, т.б. пайда болады.