Тақырып: Тағам гигиенасы


Экономикасы дамыған елдерде, сондай-ақ, халықтың бай, өркендеген бөлігінің арасында артық тамақтанудан туындайтын аурулар да, бүгінгі күнгі маңызды мәселе. Оларға жататындар



бет8/9
Дата25.09.2024
өлшемі134,36 Kb.
#145604
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 тамақтану гигиенасы

Экономикасы дамыған елдерде, сондай-ақ, халықтың бай, өркендеген бөлігінің арасында артық тамақтанудан туындайтын аурулар да, бүгінгі күнгі маңызды мәселе. Оларға жататындар:

  • Экономикасы дамыған елдерде, сондай-ақ, халықтың бай, өркендеген бөлігінің арасында артық тамақтанудан туындайтын аурулар да, бүгінгі күнгі маңызды мәселе. Оларға жататындар:
  • -ақуыздарды артық қабылдаумен байланысты; 
  • -май-липоидтарды артық қабылдаумен байланысты;
  • минералды заттарды артық қабылдаумен байланысты (флюороз, кальциноз, несеп тас ауруы, т.б.); 
  • ағзада дәрумендердің артық түсуімен байланысты аурулар гипердәрумендіктер;
  • Көмірсуларды артық қабылдау, ағзада көмірсулардың көбірек майға айналуына және семіздік дамуына, сондай-ақ бауырда, ұйқы безінде, асқазан-ішек жолдарында, т.б. патологиялық бұзылыстар пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, жеңіл сіңетін көмірсуларды (қант, кондитерлік заттарды) көп қабылдағанда, олар гипергликемия тудырады. Осының салдарынан, ұйқы безі көп инсулин өндіреді, ал бұл безге жүктеме ұзақ уақыт түскен кезде, сусамыр ауруы (қант диабеті) дамиды. Қанда көмірсулардың көп болуы, май түзуінен басқа гиперхолестеринемиялық әсер береді, бұл атеросклероз дамуына қауіп-қатер факторы ретінде қаралуы мүмкін.
  • Рациондағы көмірсулар мөлшерінің өзгеруі тағамға тәбетін төмендетеді, ас қорыту бездерінің сөл бөлуін нашарлатады. Тісжегі пайда болуына және оның одан әрі тез дамуына әкеп соғады. Тағамда көмірсулар, әсіресе, жасұнығы өте көп болса, оған асқорыту сөлдерінің сіңуі қиындайды. Соның нәтижесінде, асқорыту үрдісі баяулап, ақуыздар мен майлардың қорытылуы нашарлайды, тамақтық заттардың сіңуі бұзылады. Бұл ақуыздардың, В1, В2, В3 дәрумендерінің, темір мен марганецтің салыстырмалы түрде жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін. Ішекте шіру үрдістері күшейеді, жасұнықты ыдырататын микробтардың газ түзуі нәтижесінде метеоризм дамиды. Көмірсулармен артық тамақтану, балалардың да өсуі мен дамуын нашарлатады, иммунитетінің төмендеуіне әкеп соғады. 


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет