Алиментарлық аурулар. Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымының жіктеуі бойынша олар: I. Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар. II. Жарамсыз тағамдарды қабылдаумен байланысты аурулар. III. Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар деп бөлінеді (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ферментопатиялар, тағам аллергиялары).
Алиментарлық аурулар.Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымының жіктеуі бойынша олар: I. Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар. II. Жарамсыз тағамдарды қабылдаумен байланысты аурулар. III. Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар деп бөлінеді (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ферментопатиялар, тағам аллергиялары).
Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топқа бөледі: Алиментарлық дистрофия - толық аштықпен және жалпы жеткіліксіз тамақтанумен байланысты аурулар.Тамақтанудың бірлі-жарым жеткіліксіздігімен байланысты аурулар бір немесе бірнеше тағамдық заттардың салыстырмалы түрде немесе абсолюттік жеткіліксіздігімен байланысты. Артық тамақтанумен байланысты аурулар. Тағамдық азықтардың дұрыс балансталмағандығына және тамақтану режимінің сақталмауына байланысты аурулар. Аштық кезінде немесе жалпы жеткіліксіз тамақтану (тамаққа жарымау) кезінде алиментарлық дистрофия дамиды, бұл ауруға дене салмағын күрт жоғалту, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, аштықтан ісіну, ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Ақуыздар ұзақ уақыт жеткіліксіз болған кезде, ағзаның өсуі мен дамуы баяулайды, дене массасы төмендейді, эндокринді бездердің, бауырдың, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, қан түзілу нашарлайды, иммундық үрдістер, фермент жүйелерінің қызметі бұзылады, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсерінің көріністері байқалады.
Ақуыздар ұзақ уақыт жеткіліксіз болған кезде, ағзаның өсуі мен дамуы баяулайды, дене массасы төмендейді, эндокринді бездердің, бауырдың, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, қан түзілу нашарлайды, иммундық үрдістер, фермент жүйелерінің қызметі бұзылады, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсерінің көріністері байқалады.
Бұлармен қатар, А дәруменінің және В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі және гипохромды анемия пайда болады, клиникалық көріністері: кахексия, квашиоркор, маразм. Ақуыздардың жетіспеушілігіне балалар, әсіресе, емізулі кезінде және өмірінің бірінші жылдарында - 6 айдан 4 жасқа дейін сезімтал келеді.
Квашиоркор емшектен шығарылған бала немесе басқа түсінікте қызыл бала деген мағынада. Ауру ерте балалық кезеңде және емшектен шығарғаннан кейін 5 жасқа дейін байқалады. Ауруға ұйқышылдық, селқостық немесе қозғыштық, өсуі мен дамуының баяулауы, салмағының азаюы, терісі мен шашының түсі өзгеруі, беті, аяғы, шабы қызғылтым тартуы, депигментация, шашының ағаруы, ет тінінің атрофиясы, диспепсиялық құбылыс және тұрақты түрде іш өтуі, алдымен ішкі мүшелерінің ісуі және кейінірек, беті мен аяқ-қолының ісуі, бауырының үлкеюі, анорексия тән. Ауыр жағдайларда ақыл-есі ауытқиды, жұқпалы және паразиттік аурулар қосылады.