Тағамда ақуыздардың артық болуы да, ағзаға теріс әсер етеді. Азот шлактарының едәуір мөлшерде пайда болуы, бауырға және бүйрекке түсетін ауырлықты ұлғайтады. Ақуыздардың көптігі, ми қыртысының тым артық қозғыштығына әкеп соғады, жүйке және жүйке-тамыр жүйелерінде қолайсыз реакциялар туындатады. Ішектің ақуызды тағамдармен шамадан артық толуы, шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың дамуына ықпал етеді, олардың әсерінен ақуыздардың улы ыдырау өнімдері: фенол, индол, скатол, паракрезол, т.б. пайда болады.

Майларды артық қабылдау, семіруге, толық тотықпаған өнімдердің жиналуы нәтижесінде, ацидоз дамуына, ақуыздар мен көмірсулардың сіңуінің төмендеуіне, адамның өсуінің және жыныстық жетілуінің бұзылуына, ерте атеросклероз, гипертония ауруының, сусамырдың, өт тасы ауруының пайда болуына, қан түзілу үрдісінің нашарлауына, өмірінің қысқаруына әкеп соғады.
Май тіндерінің, майда жақсы еритін ағзаға тағаммен түсетін улы заттарды, оның ішінде улы химикаттарды да, кумуляциялайтын қабілеті бар. Соның нәтижесінде, тіпті олармен тікелей байланыста болмағанның өзінде де улы әсері білінуі мүмкін. Массасы артық адамдарда алмасу үрдістерінің бұзылуы салдарынан жарақаттарының жазылу үрдісі баяулайды, тамыр ауруларының асқынуы жиі байқалады. Минералды заттарды артық қабылдау, көбіне құрамында минералды заттары көп азықтарды немесе суларды қолданумен немесе қалыптасқан әдет бойынша, тағамға қосымша көп тұз қосумен байланысты. Мысалы, суда фтордың концентрациясы көп кезде флюороз дамуы мүмкін. Минералданған, немесе кермектілігі жоғары суларды қолдану бүйректе, өт жолдарында тас пайда болуына, гипертонияға әкеп соғуы мүмкін. Гипердәрумендіктер, негізінен А, Д, С гипердәрумендіктер, осы дәрумендерге бай кейбір табиғи азықтарды көп қолдану кезінде, сондай-ақ дәрумен препараттарының артық дозасын қабылдау кезінде пайда болады.