Тағам мәзірін құрастыру: Дастарқан мәзірін зерттеу мына жоспар бойынша жүргізіледі: 1. Рационның тағамдық бағасы саналады. 2. Тағамның құрамындағы ақуыздар, көмірсулар, майлар, дәрумендер, минералды заттар анықталады. 3. Тамақтану режиміне баға беріледі. 4. Әр тағам қабылдағанда қолданылатын тағамдардың әр түрлілігі, жүйелілігі, тамақ тағамдарын жеке қабылдау. Ұжымдардың тамақтануын зерттеудің мақсаты: тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтап, нақты ұсыныстар беру. Бұл ұсыныстар тамақтануды жақсартуға және оны физиологиялық нормаға жеткізуге әсерін тигізеді. Барлық көрсеткіштер есептеу арқылы анықталады, ол үшін тамақ тағамдарының химиялық құрамы туралы кесте қолданылады. Ол көрсеткіш нақты болу үшін, арасында тәуліктік рационды зертханалық зерттеу жүргізіледі және олар дастарқан мәзірінің негізінде алынған, есептеу көрсеткіштерімен салыстырылады.
Тамақтанудың бірлі-жарым жетіспеушілігімен байланысты ауруларға жататындар: Ақуыз - энергия жетіспеушілігі (квашиоркор, алиментарлық маразм, анемия, кахексия, алиментарлық қортықтық). Дәрумендердің жетіспеушілігі гипо- және адәрумендіктер (қырқұлақ, мешел, тауық соқырлығы, бери-бери, пеллагра, т.б.) Минералдық заттардың жетіспеушілігі (эндемиялық жемсау, тісжегі, мешел т.б.) Майлардың жетіспеушілігі - май жетіспеушілік ауруы Көп қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК) жетіспеушілігі.

Тамақ жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар, тұрмысы нашар халықтардың арасында, әсіресе, дамып келе жатқан елдерде кеңінен таралған.Олардың негізгі себептері, тамаққа жарымау, рационда жануар текті ақуыздардың, майлардың жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым қабылдау, сондай-ақ, тағамдық заттардың сіңу үрдісінің бұзылуы. Бұл жағдайда, тамақ жетіспеушілігінің клиникалық көріністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болады, себебі, басында биохимиялық бейімделу механизмі өз қызметін атқарады. Егер, рационның энергиялық құндылығы энергия шығынын жаппайтын болса, онда барлық тағамдық заттар, оның ішінде тағам ақуыздары да, ағзаның өз тіндерінің ақуыздары да, энергиялық материал ретінде пайдаға асады, бұл ақуыз - энергия жетіспеушілік ауруының дамуына әкеп соғады.