Тақырып: Тіл мен таңба Мұратбек Бағила Құрманбекқызы



бет5/5
Дата03.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89334
1   2   3   4   5
Байланысты:
14-апта ТҚН

В.М.Солнцев тілдегі таңба проблемасын үш ұғымның қарым-қаты­насы арқылы түсіндіреді: Зат, мағына, дыбыс. Тілдегі таңбалар бір заттың мағынасын білдіру үшін, ол сезім жүйелерімен қабылдану керек, яғни материалдық болуы қажет. Таңбаның негізгі қасиеті - материалдық,- деп көрсетеді В.М.Солнцев.
Тілдегі таңбалық қасиет жөнінде және оның мағынамен арақатысына талдау жасап, айқын пікір айтқан философ Гегель болды. Тілдің таңбалық мәнін қарастыра келіп, Гегель бұл таңбалық қасиет психология, логика ғылымдарына тәуелді емес, өз алдына жеке сала болып қарастырылуы керек екенін айтады.
Лингвистикадағы таңба системасы И.Г.Гердер есімімен де бай­ланысты. Ол тілдегі таңбалар адам санасынан туған, қолдан жасалған деген тұжырымға қарсы шығады. Тіл мен пайымдауды өмірде туатын инстинкт құбылысы деп есептейді. Гердердің пікірінше, тіл табиғаттағы адамның ерекше сезімі негізінде, яғни айрықша «сөз органдары» ретінде пайда болды, таңбалар да, тілдің элементі болу арқылы адаммен бірге туған инстинкт. Кейіннен И.Г.Гердер теориясы XIX ғасырдағы лингвист пен психологтардың талқылауында болды.
Негізінде мағына жалаң таңба емес. Мағына ұғымдар арқылы дыбыстық формамен айтылған объективті шындықтың бейнесі болып табылады. Сөздің мағынасын оның ішкі компоненті деп тану және мағынаны объективті шындықтағы заттар мен құбылыстардың бейнеленуі деп түсіндіру тілді социолинг­висти­калық тұрғыдан танып білуде қажетті болып саналады.
Мағынаны таңбамен теңестіру немесе мағынаны тілден мүлдем шығарып тастау – тілдің табиғатын теріс түсіндіру.
Мағына объективті шындықтың тіл дыбыстары арқылы қатысымдық тұлғаларда белгіленіп бейнеленуі.
Әдебиет
1.Оразбаева, Ф. Ш. Тілдік катынас негіздері: окулық.
- Алматы : Print-S, 2005. - 147 б.
2. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы, 2006.
3.Тер-Минасова С. Тіл және мәдениетаралық коммуникация,2018.- 320 бет.
4. Макешова Ж.М., Қондыбай К.Ә. Тілдік қатынас негіздері: оқу құралы / Ж.М.Макешова. - / К.Ә.Қондыбай. - Алматы : Эверо, 2018. - 140 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет