Тақырып: Тіл мен таңба Мұратбек Бағила Құрманбекқызы



бет4/5
Дата03.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89334
1   2   3   4   5
Тілдің таңбалық сипаты басқа таңбалардан өзгеше, ол – күрделі құ­былыс. Тілдегі таңбаларды біз дыбыстың да, сөздің де, сөйлемнің де бірігуі, олардың сыртқы жамылғыштарының жүйесі деп санаймыз. Таңбалық сипаттың өзі оның құрылымдық қасиетімен тығыз байланысты. Тілдегі сөздердің жасалуы дыбыстар жүйесіне, құрылымына тәуелді. Мұның өзі таңбалық сипатты тілде дыбыс та, морфема да, сөз де атқаратынын көрсетеді.
Мағынаны таңбамен теңестіру немесе мағынаны тілден мүлдем шығарып тастау тілдің табиғатын теріс түсіндіруге әкеліп соқтырады.
Сонымен, тіл мен таңбаның арақатысын қорытындылай келіп, тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынандай анықтама беруге болады: Тіл дегеніміз - қатысымдық қызмет атқаратын тілдік тұлғалардың материал­дық жамылғыш арқылы мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі.
Сөз екі түрлі компоненттен кұралады: оның бірі - сыртқы дыбысталу формасы, екіншісі - ішкі мағыналық мазмұны, мағы­насы. Мағына жоқ жерде дыбысталу өздігінен сөз бола алмайды. Сондықтан, тілдің таңбалық сипаты жөнінде сөз еткенде, негізінен, сөздің мағынасына тоқталуы қажет.
Тілде таңбалық қасиет бар. Ол әсіресе терминдерден айқын кө­рінеді. Кейбір терминдерді таңбамен ауыстырсақ, ол терминдердің мағынасы өзгермей, сол күйінде сақталады. Мысалы, тоғыз минус төрт немесе бес плюс төрт дегенді таңбалар (цифрлармен) 9-4, 5+4 түрінде жазғаннан минус, плюс деген терминдердің мағынасына келер ешбір нұқсан жоқ.
Сөздің атауы, оның мағынасы затпен тек шартты байланыста ғана болады, бірақ, ол (атау) заттың табиғатымен бірге пайда болмауы мүмкін.
Заттық дүние ойлау мен тілдің әлі болмаған кезінің өзінде де өмір сүреді. Мысалы, күн тәрізді зат осы затты белгілейтін сөздің болмаған кезінде де өмір сүрді. Сөз болмағандықтан, оның екі жағы - дыбыстық және семантикалық жақтары, яғни форма мен мағына жақтары болмайды, бірақ зат болады. Демек, кез келген мағына тікелей немесе жанама түрде затқа қатысты болғанмен және оны бейнелегенмен, мағынаны затпен теңестіруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет