Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет41/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тұрақты сөз тіркестерінің ең басты ерекшелігі не?
2. Фразеологиялық бірліктер нешеге бөлінеді?
3. Фразеологиялық бірліктердің аудару тәсілдері қандай?


Тақырып№40: АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
Мазмұны: 1. Ресми іс-қағаздардың аудару барысы
2. Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін әрекеттердің төрт типі
3. Түсіндірме түріндегі аударма үрдісі
Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда ресми іс қағаздарды аудару объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.
Ресми іс қағаздарды аударуда бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталады. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді:
1. Орын алмастыру (перестановки);
2. Ауыстыру (замены);
3. Қосу (добавления);
4. Түсіріп тастау (опушения).
Бұлай бөлу, айта кету керек, шартты бөлу, жуықтап қана бөлу, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып келіп отырады.
Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сынарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.
Сөз қосу(добавления) дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Мысалы, ағылшын тіліндегі “Some of them must be perfect palaces; the swimming-baths, the lounges, the restaurants the palm courts- really, it must be hard to believe thаt one is on the sea” сөйлемі қазақ тіліне ““Ия, тамаша болар еді”, - деп құптай кеттіп мен оны.“Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, мейрамханалары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары – жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді” деп аударылған. Cөйлемдегі the palm courts зат есімі қазақ тіліне пальма ағашы өсірілген саяжайлары еркін тіркесі арқылы берілген. Palm пальма, court аула болып аударылатынын ескерсек, автор аударма мәтініне пальма ауласы деп беруді місе тұтпай, қазақ тілді оқырмандарға the palm courts зат есімін түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне сөз қосу арқылы пальма ағашы өсірілген саяжайлары деп жеткізуді жөн көрген.
Келесі мысалдарды талдап көрелік: “He only actually lived in it a fortnight – then he advertised it to be let furnished”, “Ол да екі-ақ апта тұрып, сосын үйді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жасайды”. Ағылшын тіліндегіa fortnight үстеуі қазақ тілінде екі апта мағынасын береді. Алайда мұнда бұл екі сөздің арасында -ақ демеулігі қолданылған. Сол арқылы сөйлемге шектеу, тежеу мәні қосыла берілген. Демек, бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған.
“It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face”, “Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады”. Түпнұсқа мәтініндегі fair woman зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Келтірілген аудармада бұл зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда «келген» сөзі қосылып отыр.
Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, “Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman with whom you could hardly have anything in common?”, “Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?”. Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда «көрінетін» мағынасын беретін looking сөзі берілмеген. Аудармашы тек good сөзін аударумен шектелген.
“They say, “I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak”, “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің”. Бұл аудармада beefsteak зат есімі қазақ тіліне етболып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.
Сөз түрлендіру тәсілі де ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударғанда ең көп қолданылатын тәсіл. Өйткені, ағылшын тілі мен қазақ тілі сияқты екі түрлі топқа жататын тілдердің материалдарын аудару барысында мәтінге көптеп түрлендіру жасауға тура келеді. Ол түрлендірулер кейде семантикалық деңгейде, кейде морфологиялық, кейде синтаксистік деңгейде болуы мүмкін. Яғни, ағылшын тіліндегі сөздер қазақ тіліне үнемі сөз болып аударылмағанымен, ағылшын тіліндегі сөздердіңқұрылымы жағынанқазақ тіліндегі сөздермен сәйкестенуі келесі мысалдармен негізделеді. “If Sir Ambrose was intended victim, he might possibly have purloined a rare manuscript or two that no one else would miss” сөйлемі қазақ тіліне “Ал егер оның ойы сэр Эмброузды құрту болса, ол жан адам жоқтай қоймайтын сирек қолжазбаның бір-екеуін қымқырып кетер еді” болып, “Mr.Mayherne was practical, not emotional. He coughed again, took off his pince-nez, polished them carefully, and replaced them on his nose” сөйлемі “Жөтеліп қойып, адвокат көзәйнегін алып асықпай сүртіп, қайта киді” болып аударылса, “I want you to ascertain for me exactly how much is newspaper chatter, and how much may be said to be founded on fact” сөйлемі “Сізден үнқағаздардың шулатып жатқаны мен әлі де алда айтылатын әңгімелердің қаншалықты дәлелді деректерге негізделгенін анық біліп беруіңізді өтінемін” деп беріледі.
Түсіндірме түріндегі аударма да аударма үдерісінде жиі қолданылады. Аударма барысында кейде түпнұсқа тілдегі белгілі бір тілдік бірліктің баламасы бір немесе бірнеше сөзбен беріле алмауы мүмкін. Бұл жағдайда аудармашы түсіндірме тәсілін қолданады.
Түсіндірме түріндегі аударма аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын әдебиеттердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз лексиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі - түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне жайылмалы синтаксистік құрылымдар арқылы берілуінде.
Түпнұсқа бірлігі мен оның аударма тіліндегі баламасының арасында лексикалық сәйкестік болмайды немесе бұл сәйкестік едәуір төмен болып келеді, аударма тіліндегі баламаның ішіндегі синтаксистік байланыс әртүрлі болады, түсіндірме түрінде аударма жасау іс-әрекетінің автоматтылығы сөзбе-сөз аударуға қарағанда әлдеқайда төмен, дегенмен түпнұсқа мәтіндегі бірлікті аудару процесі автоматты түрде жүзеге асырылмайды деп қорытындылауға да болмайды және синтаксистік-кұрылымдық үлгі тұрақты болып келмейді.
Мысалы:“The trouble with you young fellows is that you are so cocksure nothing can exist outside your own philosophy that you get the wind up when something occurs to jolt you out of that opinion”, “Жастардың бір жаман жері сол, сендер өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін сыңаржақсыңдар. Ал енді әлгі сенімдеріңді басқа біреулер жоққа шығара қалса, зәрелерің кете бастайды”. Бұл сөйлемде қолданылған зат есім әтеш және сенімді деген мағыналарын білдіретін cock және sureсөздерінен құралған. Бұл күрделі сөзге аударма сөздікте өзіне сенімді деген мағына көрсетілген. Алайда аудармада ол сыңаржақ деп берілген, яғни оғанөздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін деген түсіндірме беріліп отыр. Осы түсіндірме арқылы өзіне ғана сену мәні қосыла беріліп отыр. Олай болмаған жағдайда тек сыңаржақ сөзінің өзі cocksure зат есімінің мағынасын толық аша алмас еді деп ойлаймыз. Сол себепті мұнда түсіндірме тәсілі қолданылған деп санаймыз.
Келесі “Emily French had been a strong-willed old woman, willing to pay her price for what she wanted” сөйлемін қазақ тіліне “Эмили Фрэнч өз есебіне шегедей, көңіліне ұнаған нәрсенің құнын жақсы білетін кемпір болатын” деп аударған.
Негізінде, ағылшын тілінде strong-willed сын есімі қазақ тіліне тікелей аударғанда өз тілектеріне, қалауларына мықты немесе берік деген мағынада жұмсалады, бірақ аудармашы оны қазақ оқырмандарының түсінігіне сәйкестендіріп өз есебіне шегедей деген тұрақты тіркес арқылы түсіндіре беріп отыр.
Алайда өз қалауларына, өз тілектеріне мықты немесе берік деп берсе де автор қателеспеген болар еді, өйткені ол қолданыс та қазақ ұғымына жат емес.
Аудармашының мақсаты мықтылық, берік деген мағыналарды шегедей сөзін қолдану арқылы беруді жөн санаған. Шеге-мықтау, бекіту, қатайту мәндерін де өз семантикасында қамтитыны белгілі.
Сонымен, аударма – адамзаттың ой әрекетінің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғамдық тарихта түрлі тілде сөйлейтін топтар пайда болысымен, аудармаға қажеттілік пайда болған. Екі немесе бірнеше тілді немесе диалектіні меңгерген алғашқы ауызша аудармашылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар мен тайпалар арасындағы бірін-бірі түсіне алмау шектеуін шешуге ықпал еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет