Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет42/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін әрекеттер ғалымдардың көрсетуінше неше типке бөлінеді?
2. Сөз түрлендіру тәсілі дегеніміз не?
3. Түсіндірме түріндегі аударма тәсілі қандай жағдайда қолданылады?


Тақырып№41: Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару
Мазмұны: 1. Мақал-мәтел тарихы
2. Мақал сөздің маржаны
3. Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару
4. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал мәтелдерді аударудың қиындықтары

Мақал-мәтел (лат. –proverbium, adagium, франц - proverbe, немістілінде - Sprichwort,


ағылшын тілінде - proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай қолданылатын афоризмдер. Мақал - мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде « paroimia » мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді.
Мақал – мәтелдер ғасырлар бойы қалыптасқан халық сөзі. Қазақ тілінде мақалдап сөйлеу
ерекшеліктерін зерттеу тек 1948жылдан кейін басталды. Бүгінгі күнде мақал-мәтелдер көбінесе ауылда және зиялы қауымда жиі қолданылып жүр. Осы жағдай, келесі 2 мәселені қамтиды: біріншіден, қазақ ауылындарында ғасырлық салт дәстүрдің әлі күнге дейін сақталып келе жатқандығын, олардың өз ойларын астарлап, қысқа да әрі нұсқа сөйлеп, мәнерлі көркем сөз құралдары, яғни мақал - мәтелдердің көмегімен білдіретіндігінен байқай алатын болсақ;екіншіден, бүгінгі күні зиялы қауым біртіндеп бұрынғы қазақ салт - дәстүріне бой ұрып, әңгімелесушінің сезімдерін жараламауға тырысып, мақал - мәтел арқылы ойларын астарлап айтуға тырысады. Алайда зиялы қауым мақал - мәтелдерді көбінесе қызметтеріне байланысты қолданады. Бұл жерде мақал - мәтелдердің әлеуметтік маңыздылығы байқалады. Бұқаралық ақпараттардан осы мәселенің төңірегінде басылған мақалалармен танысуға болады. Әсіресе, бұл мақалаларда мақал -мәтелдерді өкімет басындағылар қаншалықты жиі қолданылатынына көңіл аударылған. Себебі мақал–мәтелдердің қолданылуы адамның интеллектуалды дәрежесін көрсетеді. «Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – әр - қилы заманннан өтіп, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал -мәтелдерге өте бай ел. Тегінде, қазақ мақал - мәтелдерінің қағазға түсуі, кітапқа кіруі, кешеулеу басталғанына және тірнектеушісі оншама көп болмағанына қарамастан, бұл күндерде кітап болып халық қолында жүрген қазынамызды олқысына да алмаймыз, місе де тұтпаймыз.Жылдар бойында сарыла сарқылып қазақ мақал - мәтелдерін жинаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов еңбегін елден ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол кісінің жалғыз тергенінің өзі шамамен елу мың мақал – мәтелдей. Бұл телегей - теңіз байлық. Біздің халықтың даналықтары бауырлас халықтардың мақал – мәтелдерін ана тілімізге аудару арқылы да, ауыз тиіс арқылы да байып, толығып, толысып келеді. Бұл үдерістің бұрында том–томдап болсын, өмірден көрініс тапқанын байқаймыз. Дегенмен, 1960 жылға дейін туыстас, бауырлас халықтардың мақал – мәтелдері әр кітаптың бетінде жалғыз – жарымдап қана аударылып келді, жеке кітап болып жарық көрмеген еді. 1960 жылы шыққан «666 мақал мен мәтел » осы жаңа да игі істің төл бастамасына айналды. Одан кейін іркес–тіркес арасында бір жыл, екі жыл салып « Мақал -сөздің мәйегі »(1963 ) , «Шығыс халықтарының мақал - мәтелдері» (1968 ), - бұны орыс тілінен аударған белгілі журналист Мақсұтбек Майшекин «Ер айнасы - еңбегі» (1968 ), «Мақалнама» (1970 ) «Денсаулығынды ойласаң» (1974 ), белгілі журналист , қаламгер Ұзақ Бағаев 1971 жылы «Орыс халқының мақал –мәтелдері» атты еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударып, басылып шықты.» - деп жазады ақын М.Әлімбаев. Әрине, осы күнге дейін фонетика–фонологиялық, синтаксистік, семантикалық тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы емес болса да, бүгінде осы мақал – мәтелдер туыстық байланысы жоқ ағылшын тілімен салыстыра - салғастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.Осы мақаланың негізгі мақсаты - қазақ мақал – мәтелімен ағылшын мақал –мәтелдерін салыстыра отырып ұқсастығымен айырмашылықтарын және олардың өмір сүру салаларында қаншалықты жиі қолданылатынын пайымдау.Бұл жұмыста үш мыңнан астам қазақ және ағылшын мақал – мәтелдері зерттелді. Соның нәтижесінде біз мақал – мәтелдердің қандай өмір саласында қаншалықты жиі қолданылатынын анықтадық.Бірінші орында: өмір – орта, тұрмыс - тірлік, қоғамдық құбылыстар;Екінші орында: төрт түлік мал туралы;Үшінші орында: Адалдық, адамгершілік, ізгілік, достық туралы;Төртінші орында: еңбек - байлық, кәсіп – нәсіп туралы;Бесінші орында: сақтық, қырағылық туралы және де т.с.с. Қазақ ұлтына тән семантика ағылшын халқының мақал – мәтелдеріне де тән. Ағылшын мақал–мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек кӛркем сӛз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет. Осы орайда Ү. Кеңесбаеваның «Ағылшын халқының мақал–мәтелдері » атты 2004 жылы басылып шыққан кітабында ағылшын мақал - мәтелдерінің қазақ тіліне түп - нұсқадан аударып,балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде көркем әдебиетте жиі қолданып жүрген 1500 - ден астам мақал – мәтелдері енді. Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі кездестіруге болады. Жинақталған ағылшындардың ұлттық ерекшелігін көрсетіп, мінез – құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін тигізетін мақал–мәтелдерді көптеп ұштастыруға болады. Паремиология ғылымы мақал–мәтелді екіге бөліп қарастырады. Олар: «Мақал – дегеніміз өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысы шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Мақал туралы айтылған біраз мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.
Мысалы: «Мақал сөздің маржаны, Болмайды оның арзаны.»
«Тұз – астың дәмін келтіреді, Мақал – сөздің мәнін келтіреді.»
«Мақал - сөздің атасы, Ананың ақ батасы.»
«Мақалсыз сөз болмайды, Мақал ойды қорғайды.»
«Сөзге мақал жарасар, Егдеге сақал жарасар.»
«Мақал қайдан шығады, Ой болмаса. Киім қайдан шығады, Қой болмаса.»
«Мақал сөздің ажарын келтірер, Делдал сауданың базарын келтірер.»
«Мақалмен сөз өтеді, Мақтаумен бөз өтеді.»
«Атаның ақ сақалына да қара, Айтқан мақалына да қара»; т.б...
Осы келтірілген мысалдар мақалдың көркем әдебиетте және ауызекі тілде алатын орнын
айрықша екенін көрсетеді. Осы орайда, мысал ретінде және бір ағылшын және қазақ мақалын қарастырсақ: «Nothing stake, nothing draw » (ағылшын тілінде), ал қазақ тілінде
«Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас».мағыналары бірыңғай болғанымен, лексика-грамматикалық құралымы сәйкескелмейтінін анық білдіреді.
Ауызекі тілде және көркем әдеби тілдеде, мәтелге қатысты мақал-мәтелдерді ұштастыруға болады. Мысалы: «Мәтел – қыз, Мақал – жеңгесі, Ісінің жоқ теңдесі». «Сөз сүт болса ойдағы, Мақал – мәтел қаймағы ». Мәтелге мысал ретінде екі тілден мақал-мәтел беретін болсақ: Мысалы: «Many a true word is spoken in jest» (ағылшынтілінде).
«Ойнап айтса да ойындағыны айтады» (қазақ тілінде). «Pride goes before a fall » « Аспандай берме, Жерден ұзап кетерсің. Елден ұзап кетсең, Барса-келмеске жетерсің». Бұл ретте, синтаксистік баламасы ӛте ұқсас және қазақ тіліндегі баламасында даусты дыбыстар басымырақ. Бұл алдыңғы мысалда ол «О» әрпі болса, екінші мысалда «Е» дауысты дыбысы. Сонымен, бұл мысалдарда «ассонанс», немесе француз тіліндегі «assonance» деген құбылыстың «үйлесу», яғни бірыңғай дауыстылардың үйлесіп, қайталанып келуін көрсетеді. Ағылшын және қазақ мақалдары мен мәтелдері кӛп бӛлігі өлең формасында, ықшамдалған жолдарына ұйқасушы сөздер аллитерация мен ассонанс енген, соның нәтижесінде мақалдардың өзінің терең мағынасында, бай әуезділікке ие болған.Аллитерация–дегеніміз латын тілінде «alliteratio» әріп-көркем шығармаларында, көбінесе өлеңде, тұрақты тіркестерде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың сөз басында қайталанып келуі. Мысалы: «Little streams make great rivers»«Көлге көл қосылса, теңізбіздейді»Бұл мақалда тек қазақтілінде аллитерацияқолданған. Ол «К» дауыстыдыбысы.Алмына мәтелде ағылшын және қазақ тілінде аллитерацияны ұштастыруға болады.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді аударудың қиындықтары
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі.Мақалда ойдың тезисі мен дәлелдемесі бірлеседі.Мәтелде соның бірі ғана болады. Мақал-халық аузында туған философиялық мәні бар сөздер. Мақалға афоризм, қанатты сөздер (идиоматизм) жуық келеді.Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған.Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Парамиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі.Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысыты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен даналығын бойында сақтап, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.
Мақал-мәтелдердің бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің тұрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері тұрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар тұлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталған, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. Құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:
1. Бұйрық райлы сөйлемдер:
Темірді қызғанда соқ.
Make hay while the sun shines
2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу:
Жатқан жыланның құйрығын баспа!
Don’t trouble until trouble troubles you!
3. Шартты райлы сөйлем түрінде:
Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер,
Атадан нашар ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер-
A man who has not been flogged is not educated.
4. Болымсыз жай сөйлем түрінде:
Жылтырағанның бәрі алтын емес
All is not gold that glitters.
Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады.Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: «No sweet without some sweat» деген мақалда бастауыш та баяндауыш та бар, ал «Ақыл-жастан,асыл-тастан» дегенде «шығады» сөзі қалып қойған.Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.
Мақадарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.Мысалы, туған жерге отанға қатысты мақалды алып қарасақ, «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалда мағынасы бойынша талдасақ, қай жерге барсаң да, қанша керемет жерлерді көрсең де, өзіңнің туған, кіндік қаның тамған жерге жетпейтіндігі айтылып тұр.Дәл осы мақал-мәтелдің ағылшынша нұсқасын алып қарайтын болсақ «East or West, home is best» деп беріледі.Яғни, мұндағы айтылып жатқан ой қазақ нұсқасындағы ойды турасында жеткізіп тұр.Екі нұсқадағы мағына толық сақталған.Отбасына, туысқа қатысты айтылатын мақал-мәтелдердің бірі «Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар».Мұнда балалы үйдің жағдайы мен баласыз үйдің жағдайы мысалға келтіріліп салыстыра, салғастыра айтылып тұр.Сонымен қатар бұл мақалда теңеу бар.Байқап отырғанымыздай, балалы үй-базарға теңеліп тұр.Сонда баласы бар үй шулы келеді дегені.Ал баласыз үйдің мазар болуы қуаныш болмайды, шу болмайды, адамның көңілі кетіп түңіледі дегенді білдіріп тұр. Мұндағы «базар, мазар» сөздері тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында белгілі бір күйді білдіріп қолданылып тұр. Осы мақал-мәтелдің ағылшынша нұсқасын алып қарайтын болсақ «A babe in the house is a well-spring of pleasure»деп берілген.Мұны турасында аударатын болсақ «Үйдегі бала-қуаныштың көзі» деп беріледі.Яғни екі тілдегі мақал-мәтелді салыстырып талдайтын болсақ, бұлар мағынасы жағынан ұқсас келеді.Алайда, ағылшынша нұсқасында ешқандай адамды терең ойланып, толғандыртатын теңеу немесе «базар, мазар» секілді ауыспалы мағынада тұрған сөздер жоқ. Осы тақырыпта қозғалатын ағылшын мақал- мәтелдерінің бірі «A good Jack makes a good Jill». Осыны аударатын болсақ «Жақсы Джектің жақсы Джилі болады» дегенді білдіреді.Әрине, бұлай айтатын болса, қазақ халқына түсініксіздеу болып келеді. Бұл мақал-мәтелдің мағынасы «жақсы еркектің жары да жақсы» дегенді білдіреді. Осы мақал-мәтелдің қазақша нұсқасы «Жақсы әйел жігітке біткен бақ» немесе «Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді».Ағылшын нұсқасындағы «Jack, Jill» деген ағылшын халқында ең көп таралған адам есімі.Тіпті Англияда өткен заманда барлық еркек атаулыны өз атымен емес дәл осы «Jack» деген есіммен атау кең тараған екен.Сондықтан да бұл мақал-мәтелде осы есімдердің қолданылуы бекер емес.Әрине бұл мақал-мәтелді кез келген адам түсіне бермейді.Әсіресе ағылшын халқының мәдениетін, тарихын білмейтін адам үшін бұл қиындық туғызады.Сондықтан да бұл мақал-мәтел басқа тілдерде дәл осы күйінде емес, яғни мағынасын сақтап берілген.Ал мағынасы қазақ нұсқасындағы мақал-мәтелмен сайма-сай келеді.Мақал-мәтелдердегі дәстүрлі тұрақтылық қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған стандарт болса да, абсолюттік ұғым емес.Ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне, сөз саптау шеберлеріне байланысты әртүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпы мазмұнына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге кемшілік бермейді.
Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімін т.б туралы бай информация табамыз.Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кейде егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды. Мысалы: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді», ағылшын нұсқасында «The rotten apple injures it’s nature». Мағынасы: «Шірік алма табиғатын бұзады». Қазақ нұсқасындағы малға қатысты сөздер ағылшын тілінде жеміс, көкеністермен алмастырылып берілген. Сол секілді «Қарын тойса, қарта әлем сасиды» деген мақал-мәтел ағылшын нұсқасында «Acorns were good till bread was founded» деп берілген.Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа көз болса бірте-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналып та жатады. Шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тапқан: «Brevity is the soul ofwit» - «Аз сөз алтын», «Rieh gifts are poor when givers prove unkind»-«Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаны жақсы жат артық» немесе «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық».Қай халық болмасын, билік пен байлықты, сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдің атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай болыстарды мысалға келтіріп отырған: «Ceaser’s wife is above suspicion», мұның аудармасы «Цезарьдің әйелі күдіктен жоғары» болса, қазақша нұсқасында бұл: «Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» мақалмен сайма-сай келеді. Әрине бірінде әйелді мысалға алса, бірінде баланы келтіріп тұр.Дегенмен екі нұсқаның да меңзеп отырған мағынасы бір.Географиялық, биологиялық ерекшеліктер мақал-мәтелдер мазмұнынан көрініс береді.«Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген мақал-мәтел ағыллшын нұсқасында «Leopard can not change his spots» деп айтылады, яғни мағынасы «Жолбарыс өз дақтарын өзгерте алмайды» болады.Әрине мұнда мағына адамның мінез-құлқын, тәрбиесін көрсетуде жатыр.Дегенмен, жоғарыда айтылғандай мақал-мәтелдердің компоненттері өзгерсе де мағына сақталады.Қорыта келгенде,мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады. Әр халықтың мақал-мәтел қалыптастырудағы мәдениетке, наным-сенімге, дәстүріне байланысты өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары болады.Аудармашы үшін өз мәдениеті мен өзге мәдениетті біліп отырып салыстыра, салғастыра аударып тұжырым жасау әрқашан да ең қиын әрі күрделі жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет