Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Аударма процесі ұғымының мәні не?
2 Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері қандай ?
3 Аударма процесі неше кезеңнен тұрады?
Тақырып№15: Аудармалық трасформация және түрлері Мазмұны: 1. Аудармалық трансформация ұғымы және түрлері: лексикалық-семантикалық, грамматикалық және лексикалық-грамматикалық.
2. Генерализация (жалпылау) мен конкретизация (нақтылау), ұғымының мағыналық дамуы тәсілі, метонимиялық және антонимдік аударма
3. Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері.
4. Аудармалық компенсация. Транслитерация, транскрипция, калькалау, суреттемелік аударма.
Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгерте ді
Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау,генерализация-жалпылау және модуляция). Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод – сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) және компенсация жатады.
Транскрипция және транслитерация
Дегеніміз – оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist –абсурдист (автор произведения абсурда), kleptocracy – клептократия (воровская элита), skateboarding – скейтбординг (катание на роликовой доске). Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі. Ағылшын – орыс аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [‘kœmbәl] - кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry – Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile – ракета «Геркулес», deescalation – деэскалация , Columbia – Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I – Карл І, William III – Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург).
Калькирования дегеніміз – оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін – морфеманы немесе сөзді ---- олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: Superpower – «Сверхдержава», mass culture – «массовая культура», green revolution – «зеленая революция». Кейбір жағдайларда, калькирования тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: First-strike-weapon – оружие первого удара, land-based-missile – ракета неземного базирования, rapid deployment force – силы быстрого развертывания. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькирование бірмезгілде болады: transnational – транснациональный, petrodollar – нефтедоллар , mini-skirt – мини-юбка.
Лексикалық, логикалық-семантикалық, грамматикалық, антонимдік компенсация.
Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз- оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады.
Нақтылау дегеніміз – бастапқы тілдің кең көлеміндегі заттық-логикалық мағыналы сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі тар шеңбердегі мағыналы сөздер мен сөз тіркестерімен ауыстыру.
He was at the ceremony.
Он присутствовал на церемонии.
Кейбір жағдайда нақтылау әдісін қолдану аударма тілінде кең мағыналы сөздердің жоқтығына байланысты. Мысалы: ағылшын зат есімі thing өте абстрактылы мағына береді және қазақ тіліне үнемі нақтылау әдісімен аударылады: «зат, пән, іс, факт, жағдай, жанды нәрсе». Кейде аударма тіліндегі нақтыланған сөз мағыналардың коннотативті компоненттерінің алшақтығынан қолданыла алмайды. Мысалы: ағылшын сөзі meal әртүрлі сөйлеу стилинде кең қолданылады, ал орыс және қазақ тіліндегі «прием пищи» арнайы сөздермен болмаса, басқа көп жерлерде қолданылмайды. Сондықтан аудармада meal сөзі неғұрлым нақты сөзбен ауыстырылады: «завтрак, обед, ужин т.б.»
At seven o’clock an excellent meal was --- in the dining room. - В семь часов в столовой был подан отличный обед.
Жалпылаудегеніміз- нақтылауға қарама-қарсы яғни тар мағынадағы бастапқы тілдің бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыру. Жасалынған сәйкестік жаңа ұғым (жаңадан туған) яғни бастапқы түрді сақтай отырып жаңа ұғым білдіреді.
He visits me practically every week-end. Он ездит ко мне почти каждую неделю. Жалпылама мағынасы бар сөзді қолдану аудармашыға автордың «уик – энд» айта отырып, сенбі ме жексенбі ме анықтап жатудан сақтайды. Кейде мұндай ауыстырудың қажеттілігі стилистикалық себептерге байланысты. әдеби шығармаларда қазақ тілінде адамдардың бойын белгілі бір өлшем бірліктерімен (қадам, метр) тура өлшеп айту деген болмайды. Ал ол ағылшын тілінде солай қалыптасқан. Мысалы: A young man of 6 feet 2 inches дегенді аудармада неғұрлым жалпылау әдісімен кең ұғымды қолданамыз: «ұзын бойлы, орта бойлы, тапал»
Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз – бастапқы тілдің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі, яғни мағыналары логикалық түрде бастапқы тілдің бірліктеріне шығатын бірліктермен ауыстыру өте жиі аударма мен оригиналдың сәйкес келетін сөздерінің мағыналары себеп – салдарлық қатынасы байланыста болады: I don’t blame them - (я их понимаю). Мен оларды түсінемін. Мен оларды кінәламаймын, себебі мен оларды түсінемін. Себеп-салдармен ауыстырылып отыр . He always made you say everything twice. – Ол үнемі бір нәрсені қайта сұрайтын. (Сіздің айтқаныңызды қайталауға тура келетін, себебі ол қайта сұрайтын). Модуляция тәсілін қолдануда себеп –салдарлық қатынас үлкен мәнге ие, бірақ дегенмен логикалық байланыс әрқашан сақталады. Мысалы: He would cheer up somehow, begin to laugh again and draw skeletons all over his state, before his eyes were dry. Он снова приободрялся, начинал смеяться и рисовал на своей грифельной доске разные фигурки, хотя глаза его еще были полны слез. Синтактикалық ұқсасу (сөзбе – сөз, өзгеріссіз) аудару дегеніміз – оригиналдық синтактикалық құрылысын аударма тілінің ұқсас структурасымен қайта жасау әдісін айтамыз. «нольдік » ауыстырудың бұл типі оригинал мен аударма тілінде параллель синтактикалық структуралар болған жағдайда қолданылады. Синтактикалық ұқсасу оригинал мен аудармадағы тілдік бірліктердің санының толықтай сәйкес келуін және олардың орын тәртібінің сәйкес келушілік жасайды: I always remember his words. – Я всегда помню его слова. Мен үнемі оның сөздерін есімде ұстаймын. Бірақ, кейде синтактикалық ұқсасуды қолданғанда, кейбір структуралық компонентерді өзгертуге тура келеді. Ағылшын тілін қазақ не орыс тіліне аударғанда мысалы: артикльдер, байланыстырушы – етістік, кейбір көмекші сөздер, түсіп қалуы мүмкін, сонымен бірге морфологиялық форма мен лексикалық бірліктер өзгеруі мүмкін.
One of the greatest events in the period following World War I and the Russian Revolution, and closely connected with them both was the growth of the world Communist movement. Одним из вожнейших событии периода, последовавшего за первой мировой войной и социалистической революцией в России, событием, тесно связанным с войной и революцией, был рост коммунистического движения во всем мире. Бұл сөйлемді аудару кезінде артикльдер түсіп қалған, кейбір предлогтар түсіп, кейбір предлогтар қосылған, сөздердің морфологиялық формалары өзгерген, ағылшын тексіне тура сәкестігі жоқ кейбір сөздер қолданған. Аударманы «событие» сөзін қайталаған, «социолистическая» сөзін қосқан, «с ними обеими» деген сөз тіркесін «с войной и революцией» деген неғұрлым жақын (сәйкес) сөз тіркестерімен алмастырған. Бұл барлық өзгертулер сөйлемнің негізгі структурасына тиісті, яғни ұқсас орыс (қазақ) тілінің структурасының көмегімен, сөйлем мүшелерінің бірдей санын және орын тәртібін сақтайды. Синтактикалық ұқсасу ағылшын-орыс (қазақ) тілдері аудармаларында жиі қолданылады. Аудармада сөйлемнің құрылысын өзгертудің себебі, сөзбе -сөз, өзгеріссіз аудару тәсілімен аударма эквивалентін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда болады.
Сөйлемді мүшелерге бөлу тәсілі дегеніміз – оригинал сөйлемінің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта қайта жасау тәсілін айтамыз. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді не күрделі сөйлемді екі немесе одан көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға алып келеді:
The annual surveys of the labour fovernment were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers. Ежегодные обзоры лейбористского правительства не обсуждались среди рабочих ни на каком этапе, они обсуждались только с предпринимателями.
Both engine crews leaped to safety from a collision between a parcels train and a freight train near Morris Cowley, -------. Вблизи станции Морис Коули в графстве ------- произошло столкновение почтового и товарного поездов. Члены обеих поездных бригад остались невредимы, спрыгнув на ходу с поезда.
Сөйлемдерді біріктіру тәсілі деп – оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен өзгерту тәсілін айтады. Бұл сөйлемді мүшелерге бөлуге қарама-қарсы тәсіл:
That was a long time ago. It seemed like fifty years ago. Это было давно - казалось, что прошло лет пятьдесят. Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінеді.
Грамматикалық өзгертулер тәсілі дегеніміз–оригиналдың грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтамыз. Бастапқы тілдің кез-келген деңгейдегі грамматикалық бірлігі : сөз формасы, сөз табы, сөйлем мүшесі, белгілі типтегі сөйлем ауыстырылуы мүмкін. Аударма кезінде бастапқы тілдің формасын аударма тілінің формасына ауыстыру болатыны түсінікті. Грамматикалық ауыстыру аударманың ерекше тәсілі ретінде аудармада аударма тілінің формасын жай ғана қолдану емес, сонымен бірге аударма тілінің формасын қолданудан бас тарту, яғни бастапқы тілге ұқсас, өзге тілге мұндай форманы ауыстыру грамматикалық мағынасы жағынан олардан өзгеше болатын формадан бас тарту болып табылады. Мысалы, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде зат есімнің жекеше және көпше түрі бар және әдетте оригинал мен аударманың алынған зат есімдері сол берілген түрде жекеше не көпше түрде қолданылады, мынадай жағдайлардан басқа: ағылшын тіліндегі жекеше түрге орыс тілінің көпше түрінің сәйкес келгенде : (money-деньги,ақша) керісінше ағылшын тілінің көпше түріне орыс тілінің жекеше түрі сәйкес келгенде (struggles-борьба,күрес). Бірақ белгілі бір жағдайларда аударма процесі кезінде жекеше, көпше түрді ауыстыру окказиональды сәйкестікті жасау құралы ретінде қолданылуы мүмкін:
We are searching for talent everywhere.- Мы повсюду ищем таланты. They left the room with their heads held high. – Они вышли из комнаты с высоко поднятой головой.
Аударма процесінде грамматикалық ауыстырудаң ең көп тараған түрі сөз табын ауыстыру болып табылады. Ағылшын –орыс, қазақ аудармалары үшін көбінесе зат есімді етістікпен және сын есімді зат есіммен ауыстыру тән.
Ағылшын тілінде іс -әрекетті жасаушылар ( әдетте -er жұрнағымен келетін ) тек қана белгілі бір мамандарды білдіріп қоймай, сонымен бірге маман емес әрекеттердіде білдіреді. ( ал орыс тілінде «писатель, художник, певец, танцор»). Мұндай зат есімдердің мағыналары аудармада қазақ,орыс тілінің етістіктерінің көмегімен беріледі;
He is a poor swimmer.– Он плохо плавает. Ол жаман жүзеді.
She is no good as a letter –writer.- Она не умеет писать письма. I am a very rapid packer.– Я очень быстро укладываюсь.
Етістіктермен жиі басқа типтегі етістіктен жасалынған зат есімдер де ауыстырылады.
It is our hope , that an agreement will be reached by Friday. Мы надеемся, что к пятнице будет достигнуто соглашение.
(it was as hot as hell and the windows were all steamy.- Жара была адская, все окна запотели. Had the decision been taken in time, this would never have happened. – Если бы решение было принято своевременно, это никогда бы не произошло.)
Антонимдік аударма тәсілі дегеніміз аудармада оригиналдың болымды формасы аударма тілінің болымсыз формасымен немесе керісінше, болымсыз мағынаның болымды мағынамен ауыстырылуы бастапқы тілдің лексикалық бірліктерін аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы формаларымен ауысатын лексикалық – грамматикалық ауыстыру.
Nothing changed in my home town. Все осталось прежним в моем родном городе.
Ағылшын – орыс, қазақ аудармасында бұл ауыстырудың түрі өте жиі қолданылады, себебі оригиналда болымсыз форма болымсыз префикспен келген сөздермен қолданылады.
She is not unworthy of your attention.
Она вполне заслуживает вашего внимания.
Сонымен бірге болымсыз шылаулар until және unless пен келген болымсыз формада осы ауыстыруға жатады:
The United States did not enter the was until April 1917. – Соединенные Штаты вступили в войну только в апреле 1917г.
Additional expenditures shall not be made unless authorized. – Дополнительные расходы должны производиться лишь с особого разрешения.
Антонимдік аударма шеңберінде бастапқы тілдің бірліктері тек тікелей аударма тілінің қарама-қарсы бірліктерімен ауыстырылып қоймайды, сонымен бірге қарама-қарсылықты мағына беретін басқа да сөздермен, сөз тіркестерімен ауыстырылады:
The railroad unions excluded negroes from their membership. – Профсоюзы железнодорожников не принимали в свои ряды негров. –Теміржолшылар кәсіподағы өз қатарларына негрлерді қабылдамады.
Сонымен бірге болымсыздық мағынасы басқа тәсілдермен, мысалы, without шылауының көмегімен жасалынатынын ескеру керек:
He never came home without bringing something for the kids. – Приходя домой, он всегдаприносил что - нибудь детям. Ол үйге келгенде әрқашан балаларға бірнәрсе әкелетін.
Антонимдік аударманы қолдану жиі басқа ауыстыруларды (лексикалық немесе грамматикалық) қолданумен бірге жүреді:
The people are not slow in learning the truth.
Люди быстроузнают правду.( Антонимдік аударма сөз табын өзгертумен – сын есімді үстеуге ауыстырумен қоса жүреді).
Экспликация немесе суреттеу (сипаттау) аудармасы дегеніміз – бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын сипаттау (суреттеу) арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық – грамматикалық ауыстыруды айтамыз. Экспликацияның (суреттеудің) көмегімен оригиналдағы кез-келген эквивалентсіз сөздің мағынасын беруге болады: conservationist қоршаған ортаны қорғауды жақтаушы, whistle –stop speech – сайлау алдындағы үгіт жұмысы кезіндегі кандидаттың сөйлеуі.
Компенсациятәсілі дегеніміз – оригиналдағы бастапқы тіл бірліктерінің элементтерінің мағыналарының жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай-да бір басқа тәсілдерімен орнына келтіру тәсілін айтамыз.