Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет24/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Аудармашы біліктілігі деген не?
2. Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының ролі қандай?
3. Ақпараттық текстерді аудару барысында терминдер қалай құрылады?
4. Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындалуы қалай жүреді?
5. Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына қандай факторлар әсер етеді?
6. Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну жәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салаларныдағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігінің маңызы қандай?


Тақырып№23: Шетелдік аударматану
Мазмұны:
1. Ағылшын аударматанушыларының еңбектеріндегі аударма теориясы мәселелері .
2. Франция мен Канададағы аударматану
3. АҚШ-ағы аударматану
4 Шығыс және Батыс Германиядағы аударма теориясының дамуы
5. Скандинавиядағы аударматану
6 . Болгария және Шығыс Еуропа елдеріндегі аударматану жайы
7. Ресейдегі аударма теориясының дамуы
Барлық басқа елдердегі сияқты Англияда да аударма саласында теориялық қорытынды жасауға алғашқы қадамды аудармашылардың өздері болды. Олардың арасында белгілі жазушылар мен ақындар болды. Олар аударма принциптері мен ережелерін жасауға тырысты. Солардың бірі ағылшын ақыны және аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың үш түрін ұсынды. Біріншіден, «метафаза»- түпнұсқаны сөзбе-сөз, дәлме-дәл беру. Екіншіден, «парафраза»- түпнұсқаны еркін аудару, яғни оның формасы емес, мазмұнын беру. Үшіншіден, «имитация» (еліктеу)- түпнұсқа тақырыбын вариациялау. Аудармашы үшін ең дұрысы метафаза мен парафразаның ортасы екенін көрсетіп, Дж.Драйден аударма ережелерін көрсетеді. Оның ережесі бойынша аудармашы:
-ақын болуға,
-өз тілі мен түпнұсқа тілін білуге,
-түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуге,
-өз талантын түпнұсқа авторының талантымен біріктіруге,
-түпнұсқа мағынасын сақтауға,
-түпнұсқаның тартымдылығын оның мазмұнына зиян келтірмей беруге,
-аудармада өлеңнің сапасын сақтауға,
-авторды қазіргі заманғы ағылшындарға сөйлетуге мәжбүр етуге,
-түпнұсқаны өте сөзбе-сөз аудармауға,
-түпнұсқаны жақсартуға тырысуы тиіс.
Мұндай ережелер сол дәуірге тән болды. Аударма теориясы жайлы неғұрлым негізгі еңбектер ХХ ғ. екінші жартысындапайда бола бастады. Бұл жерде Т.Сэворидің «Аударма өнері» (Лондон, 1952) еңбегін атауға болады. Бұл еңбегінде автор аудармалық мәселелерді кеңінен қарауға тырысты. Бұл зерттеудің лингвистикалық негізі жеткіліксіз болса да, автор бірқатар ережелерді жасады. Ол аударманың төрт түрін ұсынады:
-совершенный (мінсіз, ең жақсы) аударма- таза информациялық фразаларды аудару,
-адекватты аударма- аударманың тек мазмұнын сақтап аудару,
-үшінші аударма типінің аты жоқ, бұл классикалық шығармаларды аудару. Мұнда түпнұсқаның формасы да, мазмұны сияқты маңызды болу керек,
-адекватты аудармаға жақын тип. Ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару.
ХХ ғ. 60 жылдарында аударма теориясы саласында лингвистикалық зерттеулер пайда бола бастады. Солардың ішінде ағылшын лингвистері Дж.Ферс және М.А.К.Хэллидей болды. М.А.К.Хэллидейдың пікірі бойынша аударма теориясы- салғастырмалы тіл білімінің бөлігі, аударма кез-келген тілдік бірліктер мен структураларды салғастырудың негізінде жатыр,- деді. Мұндай салғастырудан олардың эквиваленттілігі шығатынын айтты.
Қазіргі заманғы ағылшын аударма теориясының қалыптасуында Дж.Кэтфордтың «Лингвистикалық аударма теориясы» еңбегі маңызды роль атқарды. Сонымен қатар, аудармашы П.Ньюмарктың еңбектері де аударма теориясын жасауға үлкен негіз болды. П.Ньюмарктың пікірі бойынша аударма теориясының басты міндеті- аударма тәсілдерін, мәтіндердің типін анықтау.
Қазіргі заманғы Англиядағы аударматануда теориялық зерттеулер мен концепциялар көптеп жасалынуда. Солардың ішінде М.Снелл-Хорнбидің «Аудармалық зерттеулер. Интеграциялық көзқарас» еңбегін атауға болады (1988).
Аударматану тарихында француз тілінде еңбектер бірінші болып шықты және осы ғылымның қалыптасуында маңызды роль атқарды.
Франция мен Канададағы аударматануға тән нәрсе аударманың лингвистикалық концепциялары және психология мен психолингвистиканы аудармада қолдану. Бұл елдердегі аударматануда болашақ аудармашыларды дайындауда теориялық білімді практикалық міндеттермен байланыстыруға тырысу байқалды. Аударма теориясын дамытуға үлес қосқан канадалық лингвистер Ж.П. Вине мен Ж. Дарбальненің «Француз және ағылшын тілдерінің салғастырмалы стилистикасы. Аударма методы.» еңбектері болды. Белгілі француз тіл маманы Жорж Мунэн аударма проблемасына көңіл аударып «Аударманың теориялық проблемалары» (1963), «Аударма тетриясы және тарихы» (1965) еңбектерінде тіл білімі мен аударма теориясының байланысын ашады.
АҚШ-та лингвистикалық аударма теориясының дамуына Юджин Альберт Найданың «К науке переводить» еңбегінің маңызы зор. XX ғасырдың 80 жылдарында Америкада аударма проблемасына көп көңіл бөлінді. Бұл кезеңдегі басты аудармалық еңбекке С. Басснетт-Макгайрдың «Аудармалық зерттеулер» еңбегін жатқызуға болады.
Германияда аударма мәселесіне көңілді белгілі мәдениет қайраткерлері болды. Аударма жайлы өз ойларын айтқан И. Брайнтингер және А. Шлегель, И. Гете және Ф. Шлейермахер, В. Гумбальдт және т.б. болды.
Аударма саласында теориялық зерттеулер жүргізуде Шығыс Германия басты орында болды. Неміс лингвисі Отто Каде Германияда лингвистикалық аударма теориясын дамытуға зор үлес қосты. О. Каде екі тілді қарым-қатынаста және аудармада аударма процесіне әсер ететін 3 түрлі параметрді анықтайды:
1тілдік жүйелер; 2) объективті шындық және оның бейнесі; 3) қарым-қатынасқа түсушілер.
Неміс лингвисі және аударма оқытушысы Альберт Нойберттің де аударма саласында көп еңбектері болды. Ол өзінің «Аударманың прагматикалық аспектілері» еңбегінде адекватты аударма түпнұсқаның прагматикасын сақтауға тиіс – деді. А. Нойберт прагматикалық адекваттылық проблемасын прагматикалық қатынастың 4 түрлі типімен байланыстырады.
Батыс Германияда әлі күнге дейін жеке аударма мектебі болмаса да батыс германиялық лингвистер аударма проблемасына қызығушылық танытып, қазіргі заманғы аударма теориясын дамытуға едәуір үлес қосты. Аударма жайлы теориялық еңбектердің ішінде Катарина Райс, Вольфрам Виллс, Ханс П. Крингс, Эрнст-Август Гуттың т.б. еңбектері басты орынды алады. Батыс германиялық аудармашылар басты көңілді аударма мен қазіргі заманғы аудармашылық әлеуметтік рөліне бөлді. Олар аудармашы қызметін кеңейтуге талпынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет