Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Тілдік тұлға деген не?
2.Тілдік тұлға моделінің деңгейлері қандай?
3.Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері қандай?
Тақырып№22: Аудармашы біліктілігі. Мазмұны: 1. Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының рөлі.
2. Ақпараттық текстерді аудару барысында АТ-де терминдердің құрылуы.
3. Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындауы.
4. Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына әсер ететін факторлар.
5. Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну дәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салаларындағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігі.
Аудармашы біліктілігі бірқатар дағдылар мен қабілеттерді меңгеруден тұрады:
1. Аудармашы анық сөйлеуі, дауыс ырғағын дұрыс қоя білу керек.
2. Аударманың техникалық тәсілдерін есте сақтау, бір тілден екінші тілге тез көше қою, трансформация түрлерін қолдана алу дауысы меңгеруі тиіс.
3. Аудармашыда сөздіктерді қолдана алу, т. б. Хабар көздерін қолдана алу дағдысы болу керек.
4. аудармалық шапшаң жазып алу қабілеті болу керек.
5. Шет тілін өз ана тіліндей жетік білуі керек, сол тілдің мәдениетін білу керек.
6. Шет тілінде де, ана тілінде де негізгі сөйлеу жанрлары мен мәтіндердің негізгі типтерін жақсы меңгеруі қажет.
7. Аудармашы үнемі екі тілде де өзінің сөздік қорын жітілдіріп толықтырып отыруы керек.
8. Қазіргі заманғы аударма компьютерсіз мүмкін емес, сондықтан компьютерде жұмыс істеу дағдысы, Интернетті қолдану, электронды формадағы сөздіктерден хабар ала алу дағдыларын дамытуы қажет.
Аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр қамқоры, іскер ұйымдастырушысы болу керек.
Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі болады деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама аударма (адекватный) немесе реалистік аударма.
Әрбір көркем шығармадан өмірді реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Сондықтан, көркем аударманың да алдына қойылатын ең басты талап өмір шындығын дәл беру.
Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды және автордың көзімен қарайды. Сондықтан аудармашының алдына қойылатын 3 түрлі шарт бар. Біріншіден, ол шығарма бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек. Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс. Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұсқан келтірмеуі тиіс.
Көркем шығарманың әр түрлі қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сырлары (монолог) шертіледі, көңіл-күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстар мен психологиялық тербеністер ашылады. Бұлар кейде суреттеу түрінде. Кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізуі керек.
Көркем аудармаға қойылатын ең басты шарт – шығарманың көркемдік идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Ол, ең алдымен, көркем болсын, әсерлі де тартымды оқылсын.
Аудармашылық – нағыз творчестволық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей ерікеннің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.