Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет20/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аударудың ерекшеліктері қандай?
2. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары қалай аударылады?
3. Неологизмдер деген не? Оларды аудару жолдары қандай?
4. Интернационал және псевдоинтернационал (Аудармашының жалған достары) лексика деген не? Оларды аударудың жолдары қандай?
5. Реалия деген не? Оларды аударудың тәсілдері қандай?


Тақырып№19: Фразеологияны аудару мәселелері
Мазмұны: 1. Фразеологиялық бірліктерді аудару кезінде орын алатын бейнелілікті сақтау, орын алмастыру және жоғалту.
2. Фразеологизмдердің стилистикалық және ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің эмоцияналдығын бір тілден екінші тілге беру.
Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында 2 негізгі міндет тұрады:
аударма тілінің сөз тіркестерінің нормасын қатаң сақтау;
фразеологизмдердің бейнелігін сақтап аудару;
Бірінші талап негізінен бейнелі емес фразеологизмдер, яғни еркін сөз тіркестеріне қатысты: to have a rest, to pay attention, to take a shave.
Бейнелі фразеологизмдер, яғни қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, идиомалар, нақыл сөздер т. б. Бейнелі құралдарды аудару өте жауапты, күрделі міндет. Фразеологизмдердің ерекшеліктерін білмеу олардың мағыналарының дұрыс берілмеулеріне алып келеді.
Бейнелі фразеологизмдерді аударудың 4 тәсілі бар:
бастапқы тілдің бейнелі фразеологизмін аударма тілінің эквивалентімен беру:
to play with fire – играть с огнем – отпен ойнау; to read between lines – читать между строк.
бастапқы тілдің фразеологизміне мағынасы жағынан ұқсас, бірақ басқа бейнемен берілген фразеологизмді қолдану. Мұндай фразеологизмдер фразеологиялық аналогтар деп аталады.
to make hay while the sun shines – куй железо пока горячо;
Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аударма тілінің ұлттық бояуы жоқ фразеологизмімен берілуі мүмкін:
he will not set the Thames on fire – он пороха не выдумает;
to light like Kilkenny cats – бороться не на жизнь, а на смерть;
when Queen Anne was alive – вовремя оно.
фразеологиялық бірліктерді калькалау, сөзбе-сөз аудару:
people who live in glass houses should not throw stones – люди, живущие в стекляных домах, недолжны бросаться камнями;
to keep a dog & barn oneself – держать собаку, а лаять самому.
егер бастапқы тілдің фразеологиялық бірлігінің аударма тілінде ешқандай аналогы, эквиваленті болмаса, немесе сөзбе-сөз аударуға келмесе, онда аудармашы экспликация тәсілін қолданады:
a skeleton in the cupboard – семейная тайна;
cut off with a spilling – лишиться наследства;
dine with Duke Humphrey – остаться без обеда;
Peeping Tom – человек с нездоровым любопытством.
Фразеологизмдерді аудару әсіресе ауызша аудармада көп қиындық келтіреді. Сондықтан аудармашыларда көп қолданылатын фразеологиялық бірліктердің аналогтары, эквиваленттері туралы сөздік қоры болу керек. Олар болмаған жағдайда тек экспликация, яғни түсіндіру тәсілін қолдану керек. Егер берілген фразеологизмнің аналогын білмеген жағдайда, бірақ оның мағынасы түсінікті болса, бейнелілігі жойылса да, оның мағынасын жай сөзбен түсіндіруге де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет