Тақырып23-24: Жас спортшыларды шынықтырудың физиологиялық негіздері



бет1/6
Дата17.06.2023
өлшемі29,37 Kb.
#101973
  1   2   3   4   5   6

Тақырып23-24: Жас спортшыларды шынықтырудың
физиологиялық негіздері
23.1Жеке-дара даму жəне жас кезеңдері
23.2Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері
24.3Қозғалыстың дамуы жəне қимыл сапаларының қалыптасуы
24.4 Жас спортшылардың физиологиялық сипаттамасы


Жеке-дара даму жəне жас кезеңдері Жеке-дара даму. Онтогенез тұқым қуалайтын факторлардың ықпалына байланысты жəне ата-аналық гендердің өзара əсерлесуі нəтижесінде құрылатын генетикалық программамен анықталады. Жеке-дара дамудың генетикалық программасы қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында жүзеге асырылады. Онтогенездің түрлі сатыларында генетикалық ақпарат пен қоршаған ортаның əсерлері бірдей болмайды. Мəселен, өмірдің алғашқы жылдарында соңғы жылдарына қарағанда сыртқы ортаның ықпалы өлшеусіз күштірек болады
Дамып келе жатқан организмнің органдары мен жүйелерінің бірі ертерек, басқасы одан кешірек дами отырып, олардың қалыптасуы бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды өтеді. Мəселен, ми мен жұлын морфологиялық жағынан ерте балалық шақта барынша қарқынды өсіп, 10-12 жаста мөлшері өз шегіне жетеді. Жыныс мүшелерінің де қалыптасуы 11-12 жасқа дейін салыстырмалы түрде баяу, ал 12-14 жаста шапшаң өтеді.
Адамның жеке-дара дамуы барысында бір-бірімен өзара бай-ланысты ассимиляция (жасалу) жəне диссимиляция (ыдырау) де-ген үдерістер үздіксіз жүріп жатады. Дамудың түрлі кезеңдерінде бұл үдерістердің арақатынасы өзгеріп отырады. Организмнің қалыптасуы мен өсу кезеңдерінде ассимиляция басым келеді. Ере-сектерге қарағанда энергия жұмсауы салыстырмалы жоғары болып келетін белоктар синтезінің күшеюі байқалады.
Адамның жеке-дара дамуының түрлі кезеңдерінде организм қызметінің нейрогуморалдық реттелу сипаты да өзгеріп отырады. Мысалы, дамудың ерте кезеңдерінде салыстырмалы тыныштық күйде ЖЖЖ едəуір болуымен көрінетін жүрек-тамыр жүйесінің симпатикалық реттелу механизмдері басым келсе, жас келген сайын жүректің жиырылу ырғағының баяулауымен айқындалатын кезеген (вагус) жүйкенің ықпалының күшеюі орын алады.
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дəрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Организмнің жеке дамуын онтогенез (грек. «ontos» – жекелей, «genes» – шығу тегі) деп атайды.
Қазіргі кезде адам өмірін кезеңдерге бөлудің классификациясы жаңа талаптарға сəйкес келмейді. Себебі педагогика саласында жəне медицинада қолданып жүрген жас кезеңдерін атаудың салыстырма-лы айырмашылығы бар (Х. Қ. Сəтпаева).
Адам өмірі:

  1. Құрсақта даму;

  2. Балалық шақ;

  3. Ересектік шақ деп үш сатыға бөлінеді.

Балаларды тəрбиелеу, үйрету жəне оқыту жағдайларын ескеріп, педагогтар:

  1. Жаңа туған нəресте (1 ай);

  2. Емшектегі бөбек (1 айдан 1 жасқа дейін);

  3. Бөбекхана (ясли) жасы балбөбектер тобы (1-4 жас);

  4. Мектепке дейінгілер тобы (5-6/7 жас);

  5. Мектеп жасындағылар:

5.1. Бастауыш сыныптағы оқушылар (6/7-11 жас);
5.2. Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);
5.3. Жоғары сыныптағы оқушылар (14-18 жас) сияқты жас кезеңдерінің топтарын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет