Тақырып23-24: Жас спортшыларды шынықтырудың физиологиялық негіздері


Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері



бет2/6
Дата17.06.2023
өлшемі29,37 Kb.
#101973
1   2   3   4   5   6
Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері
Организмнің өсуі мен қалыптасуы, оның сыртқы ортамен өзара əсерінің тиімділігі көбінесе, жүйке жүйесінің дамуына, ең бастысы оның жетекші бөлімі – ми қыртысына байланысты
Балалар дамудың жас кезеңдерінің жеке сатыларында жоғары жүйке қызметінің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады.
Бастауыш мектеп жасында жоғары жүйке қызметінің жетілуі тəн. Бұл кезеңде жүйке үдерістерінің күші мен жылдамдығы артады, ішкі тежелу күшейеді, нəтижесінде қозу мен тежелу үдерістерінің өзара əсері мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда жоғары тепе-теңділікпен (салмақтылықпен) сипатталады. Оларда шартты мен өшу сияқты ішкі тежелулер түрлері 5-7 жастағы балаларға қарағанда айтарлықтай жылдамырақ түзілетіні байқалған. Мысалы, шартты тежелу 5 жастағы балаларда 30 рет бекітілмей барып бірақ түзілсе, ал 12 жастағы балаларда 4 рет бекітілмеген соң түзіледі.
Бастауыш мектеп жасында сөйлеу қызметі белсенді жүреді, ойлау қарқынды дами бастайды, бірінші жəне екінші сигналдық жүйелердің өзара байланысы жетіле түседі. Сөздік ақпарат неғұрлым нақтырақ жəне толық болады. Тітіркендіргіш ретінде сөз бен қозғалыс қызметі арасында уақытша байланыстар күшейе түседі. Осының арқасында өз қозғалыстарын тереңірек əрі алуан түрлі сөзбен жеткізу қабілеті жоғарылайды. Дене тәрбиесі мен спорттық жетілдіру сигналдық жүйелердің барынша нəзік өзара қатынастарына əкеледі жəне сөз бен ойлаудың қозғалыс қызметіне ықпалын кеңейтеді.
Жасөспірімдік жас (орта буын) жыныстық жетілуге сай бой мен дене дамуының қарқынды дамуына сəйкес келеді. Бұл үдеріс қыздарда 11-12 жас, ал ұлдарда 13-14 жастарда басталады. Жыныстық жетілу үдерісіне байланысты:
1-фаза – препубертанттық немесе жыныстық жетілу алды кезеңі;
2-фаза – жыныстық жетілудің күшеюі мен сыртқы белгілерінің көрінуімен сипатталатын пубертантты (жыныстық жетілу кезеңі);
3-фаза – жоғары мектеп буын жасында жалғасатын жыныстық жетілудің аяқталуымен байланысты постпубертантты (жыныстық жетілуден кейінгі) кезеңдер деп 3 фазаны бөліп қарастырады.
Жасөспірімдік шақ бірнеше айрықша ерекшеліктерімен си-патталады. Жасөспірімдерде қозу үдерістері басымырақ болады, дифференциациялық тежелу едəуір нашарлайды, тітіркенуге шарт-ты рефлекстік реакциялар азырақ адекватты (барабар) келеді жəне барынша айқын көрінетін «екпінді, ағынды, қызулы» сипат тəн. Осымен бір жағынан, жасөспірімнің қимыл əрекеттерінің қажет емес бұлшық еттердің жиырылуымен қосымша қозғалыстарының көп болуымен жиі ерекшеленуі түсіндіріледі. Бұл жастағы бала-ларда шартты рефлекстер мен ажыратудың (дифференциалдаудың) түзілуінде уақытша қиындықтар байқалуы мүмкін.
Кəмелеттік (жігіттік) немесе жоғары мектеп жасына өту жоғары жүйке қызметінің əрі қарай жетілдірілуімен байланысты. Ми қыртысының анализ-синтездік қызметтерінің деңгейі жоғарылайды, жалпылау қызметі күшейеді, сөз сигналдарының рөлі артады, сөздік тітіркендіргіштерге латенттік кезең азаяды. Ішкі тежелу күшейеді, жүйке үдерістері барынша тепе-теңділікпен, салмақтылықпен си-патталады. Ми қыртысының электрлік белсенділігінің қалыптасуы аяқталады, 17-18 жаста оның қызметі жеткілікті дəрежеде жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет