Қан жəне қан айналу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері Қан айналымдағы қан көлемі (дене салмағына қатысты алғанда) жасқа байланысты: 1 жасқа дейінгі балаларда – 11%, ересектерде – 7%, 1 кг дене салмағына шаққанда 7-12 жастағы балаларда – 70 мл, ал ересектерде – 50-65 мл болады.
Қанның формалы элементтеріне де жасқа байланысты ерекшеліктер тəн. 1 жастағы сəбиде эритроциттер мөлшері 6-6,5 млн/мм3 болса, жас артқан сайын ол 4-5 млн/мм3 дейін төмендейді.
Организмнің даму барысында қандағы гемоглобин концен-трациясы да ұлғаяды. Мысалы, ұлдар мен ерлерде 8-9 жаста 13,8, 10-11 жаста 14,4, 12-13 жаста 13,7, 14-15 жаста 15,1, 16-17 жаста 15,1, 20-25 жаста 15,5 г/% болады. Ересектермен салыстырғанда балаларда гемоглобин мөлшерінің төмен болуынан қанның оттектік сыйымдылығының да біршама төмен болуы түсіндіріледі
Тыныс алу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері Организмнің өсуі мен дамуы барысында өкпе көлемі ұлғаяды.
Əсіресе, өкпенің қарқынды өсуі 12 жəне 16 жастарда байқалады. Қос өкпенің салмағы 9-10 жаста 395 г, ал ересектерде 1000 г-ға дейін жетеді. Өкпенің өсуі, негізінен альвеолалардың саны емес, олардың көлемінің артуы есебінен жүреді.
ӨТС орташа мөлшері (мл)