Қимыл сапаларының дамуы Қимыл сапаларының (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік) дамуы мен қимыл дағдыларының қалыптасуы арасын-да тығыз өзара байланыс бар (6- жəне 7-тарауларда дене сапалары жəне қимыл дағдылары толық баяндалған). Жаңа қозғалыстарды меңгеру қимыл сапаларының жетілдірілуімен қатар жүреді. Əртүрлі қозғалыстар адамның қозғалыс аппаратына таңдай əсер етеді, сондықтан жеке бұлшық еттер мен бұлшық ет топтарын бірдей ша-мада дамытпайды.
Онтогенез барысында қимыл сапаларының қалыптасуы біркелкіжүрмейді, гетерохронды болады жəне организмнің бірнеше жүйелерінің дамуына тəуелді келеді. Мысалы, төзімділіктің жетілуі айтарлықтай дəрежеде қан, тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйелерінің қызметтерімен анықталса, ал бұлшық ет күшінің дамуы сүйек пен бұлшық ет ұлпаларының өсуімен, бұлшық ет жұмысын басқару қабілетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Əрбір адамның жасына қимыл сапалары дамуының белгілі бір деңгейі тəн. Күш, жылдамдық жəне төзімділіктің ең жоғары жетістіктері əртүрлі мерзімдерде жүзеге асырылады.
Жүйелі түрде жаттықтыру қимыл сапаларының дамуын жыл-дамдатады, бірақ олардың өсімі түрлі жас кезеңдерінде бірдей болмайды.
Күш.Алғаш рет бұлшық еттің максималды ерікті күшін(МЕК)изометриялық бұлшық еттік күш салуда 4-5 жаста өлшеуге болады. Жазғыш жəне бүккіш бұлшық еттерінің МЕК орта есеппен қол ба-сында сəйкесінше, 5,22 жəне 4,61 кг, сан 6,0 жəне 7,9 кг, кеуде 8,17 жəне 14,65 кг болады.
Жас артқан сайын жеке бұлшық еттер күшінің дамуы біркелкі жүрмейді
Шапшаңдық Спорттық жаттығуларды орындау кезінде шапшаңдықтың кешенді көрінуінің байқалуы заңды құбылыс. Мысалы, спринтерлік жүгіру нəтижесі сөредегі қимыл реакциясы уақытына, қадамдардың жиілігі (темпі) мен жекеленген қозғалыс шапшаңдығына байланыс-ты болады.
Алғаш рет жекеленген қозғалыстарда 0,50-0,90 с тең реакция уақытын 2-3 жас кезеңінде анықтауға болады. Бірақ 5-7 жаста-ақ ол 0,30-0,40 с-ке дейін төмендеп, 13-14 жасқа келгенде ересектер-ге тəн көрсеткіштерге (0,11-0,25 с) жуықтайды. Жасқа сай қимыл реакцияларының өзгерістері біркелкі жүрмейді. 9-11 жасқа дейін оның уақыты тез азаяды да, ал одан кейінгі жылдарда, əсіресе, 12-14 жастан кейін баяулай бастайды.
Төзімділік.Төзімділіктің жасқа сай өзгерістеріəртүрлі,мы-салы алақан, білек, санның бүккіш бұлшық еті сияқты бұлшық ет топтарының статикалық күш сала орындалуы кезінде барынша толығымен зерттелінген. Мəселен, максималды күштің 50%-ына тең келетін динамометрде алақанның бүккіш бұлшық еттерінің күш сала ұстап тұру уақытының жас ұлғайған сайын артатыны анықталған. 10-12 жаста осы күш салу уақыты 96 с, ал 18-20 жаста – 113 с болған
Ептілік.Бұл қимыл сапасы қозғалыстың күштік,уақыттық жəнекеңістіктік параметрлерін басқара білумен сипатталады.
Ептіліктің қалыптасу факторларының бірі кеңістікті бағдарлаудың дəлдігі болып табылады. Қозғалысты кеңістіктік диф-ференциалдау (ажырату) қабілеті 5-6 жаста елеулі күшейеді. Бұл қабілеттің барынша өсуі 7-ден 10 жасқа дейін байқалады. 10-12 жа-ста ол тұрақтанып, 14-15 жаста біраз төмендеп, ал 16-17 жаста қимыл бағдарлау көрсеткіштері ересектерге тəн деңгейге жетеді
Иілгіштік. Организмнің дамуы барысында иілгіштік біркелкіөзгермейді. Мəселен, арқа жазғанда омыртқа жотасының қозғалғыштығы ұлдарда 7-ден 14 жасқа дейін, ал қыздарда 7-ден 12 жасқа дейін едəуір жоғарылайды. Неғұрлым үлкен жаста оның өсімі төмендейді