Токсигендік- материалдың онымен жұмыс істеу кезінде адамның денсаулығына теріс әсер ету дәрежесін көрсететін қасиет.
Құрылыс материалдарының қасиеттері олардың құрамы мен құрылымына байланысты. Құрамдар химиялық, минералдық және фазалық болып бөлінеді. Материалдық химиялық, яғни химиялық элементтерден тұратын, құрамына қарай, оның отқа, микроорганизмдер әсеріне төзімділігін, механикалық және тағы басқа техникалық қасиеттерін жорамалдауга болады. Құрылыс материалдары ішінде көп тараған бейорганикалык байланыстырғыш заттардың және табиғи тас материалдардың химиялык кұрамы әдетте оксидтермен (тотықтармен) сипатталынады.
Минералдар негізгі және қышкыл тотықтардың өзара байланысуынан түзіледі (күралады). Мысалы, портландцемент құрамында үш кальцийлі силикат - минерал 3СаО×SіO2 көбейсе (45-60%), оны құм және сумен араластырғанда цемент тез катаяды, оның беріктілігі өседі.
Фазалық құрам қатты каңқа және ауамен, сумен толған саңылауларда түзіледі. Саңылаулар ішіндегі судың катты затқа (мұзға) айналуына байланысты материалдың қасиеттері өзгереді - аязға төзімділігі төмендейді, ал жылу өткізгіштігі өседі.
Полимерлі материалдар заттың үш түрінде болады: байланыстырғыш, пластификаторлар мен толтырғыштар. Байланыстырғыш заттарға синтетикалық смолалар жатады. Пластификатор ретінде оларды қайта өңдеуді жеңілдету полимерлердің созылғыштығы мен иілімділігін арттыру үшін глицерин, камфара және басқа заттарды енгізеді. Толтырғыштар (ұнтақ, талшықты) полимерлі бұйымдарға үлкен механикалық беріктікті, шөгуін болдырмауға ықпал етеді. Бұдан басқа құрамына пигменттер, тұрақтандырғыштар, қатаюды жеделтеткіштер және басқа заттар енеді.
Полимерлі құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдарын шығару кезінде көбінесе полиэтилен (үлдірлер, құбырлар), полистирол (тақталар, лактар), полихлорвинил (линолеум), полиметилметакрилат (органикалық шыны) пайдаланады.
Жақсы механикалық қасиеті, созылмалы, электр оқшаулағыш ретінде, полимерлі материалдарды қайта өңдеу үдерісінде кез келген пішінді қабылдау қабілеттілігі арқасында барлық құрылыс саласы мен біздің күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылыды.
Полимерлі құбырлар Полимерлі материалдардан жасалған құбырлар арынды құбырлар (жер асты және жер үсті) құрылысы кезінде, суландыру жүйесінде, жабық дренажда,гидротехникалық ғимараттардың түтікшелеріне кеңінен қолданылады.Полимерлі құбырларды дайындауға арналған материал ретінде полиэтилен, винипласт, полипропилен, фторопласты пайдаланады.
Полиэтиленді құбырлар аязға төзімді, оларды –80°С-нен +60°С дейінгі температурада пайдалануға болады.