1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қүрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық процестегі компаниялар мен қорлардың ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі
Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қызметтері қандай? Инвестициялдық компания - өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы өндірісті дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания құнды қағаздар шығару, оны тарату, құнды қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады. Компанияның ресурстары құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар эмиссиясынан құралады.
Инвестициялдық қор инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жүзеге асырады. Бұл қор ашық және жабық нысанда болады. Жабық тұрпаттағы қор өз акцияларын инвесторлардың белгілі тобы үшін таратады, қор жиналған капиталды көлемі жағынан ұлғайтуға не оны акциялар есебінен азайта алмайды. Ал ашық қор құнды қағаздарды қайта сатып алуға құқылы, ол акцияларды өз қалауынша шығара алады, сондықтан ашық қор ауыспалы капитал деп те аталады.
Холдингтік компания басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания. Осы құқығы арқылы холдингтік компания бірлестікке енетін кәсіпорындарды басқарады, бақылайды.
Қолдағы құнды қағаздардан кіріс түрліше тәртіппен:
дивидендтерді пайдалану, тағы басқа да тәсілдер негізінде алынады.
Демек, құнды қағаздар иесі биржалардағы осы қағаздардың қозғалысын зерттеп, қадағалап отыруға тиіс.
Практикада, құнды қағаздармен байланысты істерде тәуекелділік жағдайы да жиі ұшырасады. Олардың қатарына тәуекелділіктің мынадай түрлерін атауға болады:
ұдайы кездесетін тәуекел. Бұл тұтастай алғанда құнды қағаздар нарқы дағдарысына қатысты тәуекел:
Ұдайы емес тәуекел. Ол құнды қағаздың нақтылы түрімен байланысты;
селективтік тәуекел. Бұл портфел қорын қалыптастыру кезінде басқадай қағаздармен салыстырғанда инвестициялауға арналған бағалы қағаздарды дұрыс іріктеп алмасу салдарынан болатын тәуекел;
уақытша тәуекел. Құнды қағаздарды сату және сатып алу мерзімін дұрыс анықтамай, шығынға ұшырататын тәуекел;
құнсыздану әрекетінен болатын тәуекел. Бұл инвесторлардың құнды қағаздардан алатын кірісінің мейлінше құнсыздануға ұшырататын тәуекел.
құнды қағаздардың бағаларының өзгеруі салдарынан болатын тәуекел.
Сөз жоқ, бұл тәуекелділік құнды қағаздар рыногының дамуына үлкен кедергі жасайды. Халықтың да, кәсіпорындардың да өз қаржысы қорын сақтауына зиян келтіреді. Сондықтан менеджерлер күнделікті экономикалық өріс құбылыстарын, ақша нарығының деңгейін талдап, орынсыз тәуекелділікке ұшырмауды реттеп отырады. Менеджер қызметіндегі шешуші мәселелердің бірі де осы.