Тақырыптар, және олардын мазмуны


Инвестициялық салымдарды ынталандырудың жолдары қандай?



бет53/73
Дата28.11.2023
өлшемі241,58 Kb.
#130844
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
sciPaper56656

Инвестициялық салымдарды ынталандырудың жолдары қандай?
Банктік сектордың жағдайы банктік қызметтер нарығының кеңеюімен сипатталады. Банктік қызметтер нарығының дамуы қор нарығының дамуымен тығыз байланысты. Ұлттық банк ҚР құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясымен (ҚҚ ҰК) бірлесе отырып, ұйымдастырылған қор нарығында банктірдің акциялары және басқа да құнды қағаздардың айналымын активизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚҚ ҰК бірлесе отырып банк активтерінің секъюритизациялау механизмі дайындалған. Қор нарығының дамуына қарай Ұлттық банкпен корпоративті құнды қағаздармен банктердің қызметі кеңейтілген болатын. ҚҚ ҰК және Қазақстанның қаржыгерлері бірлестігімен бірлесе отырып, Ұлттық банк қаржы құралдарының жаңа типтерінің пайда болуына жағдай жасаған және жағдай жасайды, мұндай қаржы құралдарына өзара қорлар, хеджирлеу қорлары, ипотекалық қорлар, корпораттивті вексельдермен операцияларды жүргізуге өкілденген ұйымдар жатады.
Банктер инвестицияларды тарту үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып қор нарығында өзінің қызметін активизациялайды. Мұндай құралдардың бірі болып капиталдың халықаралық нарығына еурооблигациялардың эмиссиясы табылады. Берілген қаржылық операция бірнеше мақсаттарға қол жеткізуге жағдай жасайды: біріншіден, шетел валютасындағы заемдар теңгедегі заемдерға тән қарызға қызмет көрсету құны мен жоғарғы пайыздық мөлшерлемелерді болдырмауға мүмкіндік береді; екіншіден, банк өз қызметінің аясын кеңейтуге қызығушылық білдіруі керек, халықаралық қаржы институттарымен тікелей өзара қатынасты жүзеге асыруы қажет. Банктің стратегиялық мақсаты – капиталдың халықаралық нарықтарына кез келген кақытта еркін шығуы болып табылады.
Қазіргі уақытта қазақстандық банктер қаржы нарығының аса дамыған секторы ретінде өзіндік табыстылығын белсенді түрде диверсификациялайды, соның ішінде құнды қағаздар, сақтандыру және зейнетақы нарықтарындағы қызметтерді, сондай-ақ лизингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдары кіретін қаржы тобының құрылуы жолымен жүргізіледі.
Банктік қызметті реттейтін заң актілерімен консолидацияланған қадағалау режимі анықталған болатын. Осындай қадағалаудың тәжірибелері мен үрдістерін жетілдіру шеңберінде Қазақстанның Ұлттық банкінде қаржылық қызметтерді жабдықтаушылар болып табылатын қаржы нарығының барлық субъектілерін қадағалау мен реттеу, лицензиялау қызметтерін жүзеге асыратын бөлімдер құрылды.
ҰБ қызметі қаржы нарығының барлық сегменттерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған, экономиканың нақты секторының қаржылық мекемелерін несиелеу механизмдері мен жаңа институттарының дамуына бағытталған. Мүлік кепілімен тұрғындарды несиелеудебанктердің қатысуының белсендеуінің есебінен ипотекалық несиелендіру белсенді түрде дамуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет