Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі? Делдалдардың қызметіне жалақы төлеу, сыйақы оларды тиімді жұмыс істеуге ынталандыратындай етіп іске асырылуы керек. Әлдебір тауарды өткізу дәстүрге айналған елдерде әдетте сыйақы қалыптасқан және ол табиғи құбылыс ретінде қабылданады. Тауар жаңа түскен рыноктарда қиышылықтар болып тұрады. Әдетте сыйақы сомасына комиссионалдықтар, өткізуді ынталандыруға бөлістер, сыйлықтар және басқа сомаслар кіреді, бұлар деладалдардың жақсы жұмысын көтермелейді. Сыйақы мөлшерінің максимум және минимум арасында алтын кіндік табу қажет.
Делдалды және олардың штатын оқыту және дайындау. Белгілі қызметкерлер жұмысты тиімді орындайды, бұл нарықта өткізу көлемін өсіреді де молырақ пайда түсіреді. Оқытудың қолайлы бағдарламасы, мейлі оқу орталығында мейлі басқа жерде өтсін дистрибьюторларға және олардың персоналына жұмыстарының тиімділігін көтеруге көмектесумен қатар, олардың ниеттестігінің дамуына да себеп болады. Бұлдан тысқары, осындай курстар қарым – қатынас орны болады да, пікір, әдістері, практика алмасуға мүмкіндік жасайды.
Негізгі терминдер Брокерлер;
Дилерлер;
Клиенттер;
Дистрибьютор;
Фирма;
Сыйақы;
Ынталандыру;
Делдалдар;
Инвестиция.
Бақылау сұрақтары 1. Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?
2. Делдалдар қанша түрге бөлінеді?
3. Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?
4. Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?
5. Делдалдарды қалай басқару болады?
6. Делдалдардың ниеттестік сезімін тәрбиелеу қалай жүреді?
7. Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?