инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;
жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;
сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінің мемлекет тарапынан реттелуін жетілдіру, соның ішінде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін инвестициялаудың ережелері;
құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, құнды қағаздармен жасалатын саудаларды ұйымдастырушылардың және лицензиялар мен рұқсат қағазадары негізінде құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын басқа да ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру.
Халықаралық қаржы-валюталық және несиелік қатынастар аясындағы стратегиялық міндет – теңгенің ішкі және сыртқы айналымдылығына қол жеткізу болып табылады.
1995 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында Алматыда ашылған “Teletrade P.J. Int'l Ltd” компаниясының дилинг-орталығы арқылы халықаралық валюта нарығына (FOREX) шығу мүмкіндігі пайда болды.
Компания клиенттері ретінде АҚШ долларына (әлемдік резервтік валюта ретінде USD), ағылшын фунт-стерлингіне (STG), жапон иенасына (JPY), швейцариялық франкке (SFR) және евроға (EUR) салыстырмалы түрде айналатын төрт валюта бойынша “нақты уақыт” режимінде келісімдерді (“спот” операциясы) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:
нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;
сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;
елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;
қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.
Экономиканың нақты секторын дамыту және бекітуде банктердің рөлін жоғарылату және олардың қызметінің интенсификациясының негізгі көрсеткіштері болып шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді қатысуы табылады.