Адам баласы көбіне түймедейді түйедей қылуға бейім
болғаны секілді мұндай істерді де қиындатып, «пілді» барынша
үлкейтіп, орындап бітіру мүмкін еместей қылып елестетеді.
Мұндай ауқымды істерді орындауды
қиындататын ең басты
мәселе – нәтиженің бірден болмауы. Адам бірнеше қадам
жасағаннан соң бірден нәтижесін көре алмаған кезде ол
нәтиженің болатындығына сенімі де сөне бастайды.
Онымен
бірге қорқыныш та пайда болады. Солайша мақсатына жетуді
мүмкін еместей көре бастайды.
Мұндай қорқыныш пен үмітсіздіктен арылып, ауқымды
тапсырманы аяғына дейін жеткізіп, «пілді»
толықтай жеп
тауысудың ең дұрыс жолы – оны кішкене «кесек еттерге»
бөліп, күнделікті бір бөліктен «жеп отыру». Әрбір бөлігі бір
күнде орындалуы мүмкін көлемде әрі бірте-бірте бізді алға
қойған мақсатқа жақындата түсетін болуы шарт. Ол үшін бұл
бөліктер SMART қағидасына сай бөлінген болуы қажет:
•
Specific – нақты;
•
Measurable –
өлшеуге болатын;
•
Achievable – қол жетімді;
•
Relevant – маңызды;
•
Time bound – уақытпен шектелген.
Осылайша ауқымды істі күнделікті (апталық) орындау қажет
кішкене бөліктерге бөлу арқылы оңай аяқтай аламыз.
Жалпылама түрде тапсырманы
орындау қажет деп қана
қоймай, күнделікті белгілі бір бөліктерін орындауды мақсат
тұтамыз.
51
Достарыңызбен бөлісу: