Тайм-менеджмент


Арадағы бос уақыттарды тиімді өткізу



Pdf көрінісі
бет40/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Арадағы бос уақыттарды тиімді өткізу
Ғалымдардың 
«Аср» сүресіне байланысты түсініктемелерінен
уақытты жоспарлауда ең пайдалы істі таңдау қажеттігін,
әрдайым аса пайдалысын іздеуге тырысудың маңыздылығын
көре аламыз. Бұл бос уақытымызды жоспарлауда маңызды
қағидамызға айналуы тиіс. Көлік не кезек күтіп тұрғанда,
жолда кетіп бара жатқанда, дастархан дайындалып жатқанда,
серуенге шығып демалып отырғанда немесе бір адамды күтіп
тұрғанда күнделікті бес-он минут бос уақыттарымыз болары
анық. Олардың барлығын қосқанда бір күннің өзінде біршама
уақытқа жетіп қалады. Өміріміздің әрбір сәтінен есеп
беретіндіктен, уақытты жоспарлағанда осындай арадағы бос


уақыттарды да барынша тиімді пайдалануды ойластыруымыз
қажет. Әрдайым жанымыздан табылатын кішкене кітаптарды
оқу, жатқа оқылатын дұғалар, зікірлер айту, Алланың құдіреті
мен жаратылыстың хикметі жайлы ой жүгірту секілді пайдалы
істермен айналысуға дайындығымыз алдын-ала жасалуы қажет.
Бұл бос уақыттарда нақты қандай іспен шұғылдану қажеттігін
әр адам өзі таңдайды. Бастысы, сол арадағы бос уақыттарды
да жоспарлап, тиімді пайдаланудың маңыздылығын ұғынып,
дайындығымызды жасауымыз.
Арадағы бос уақыттарды жоспарлаудың маңыздылығы мен
нәтижесіне көз жеткізе түсуге төмендегі мысал септігін
тигізбек:
Бір күні ұстаз сыныпқа кіріп, оқушыларын ойлы көзқарасымен шолып
өткен соң «Бүгін біз уақытты жоспарлау тақырыбына тәжірибе жүргізетін
боламыз» деді.
Үстеліне жақындап барып, астынан үлкен бос банка алып, үстелдің
үстіне қойды. Содан соң үлкендігі жұдырықтай тастарды алып,
сыйғанынша банкаға салды.
Салып біткен соң оқушыларына қарап:
– Банка толды ма? – деп сұрады.
– Иә! – деп жауап берді оқушылары бірауыздан.
– Тексеріп көрелік, – деген ұстазы үстелдің астынан ұсақтау
тастарды алып, банкаға салды. Банканы қозғалта отырып, ұсақ
тастардың үлкен тастардың арасынан өтуін қадағалады.
– Ал енді банка толды ма? – деп қайта сұрады.
– Меніңше, әлі толмаған сияқты, – деп бір оқушы сенімсіздеу жауап
қатты.
– Дұрыс айтасың! – деп ұстазы үстелдің астынан бір шелек құм алып,
банкаға сала бастады. Банканың аузына дейін құм салып толтырды.
Тіпті тастар көрінбей де қалды.
– Қалай ойлайсыңдар? Мына банкаға тағы бір нәрсе сия ма? – деп
шәкірттеріне тағы сұрақ қойды. Түрлі болжамдар мен ұсыныстар
айтылып жатты.
– Жақсы, – деп күлімсіреген күйі ұстазы банкаға су құя бастады.
Банканың аузынан асып аққанша су толтырды.
Енді толғаны анық, – деді оқушылар.


– Бұл жасаған тәжірибенің мағынасы нені меңзейді?! – шәкірттеріне
көз жүгіртіп шығып, ұстазы түсіндіре бастады, – егер дұрыс жоспар
құруды үйренсек, істерді маңыздылығына қарай кезегімен орындасақ, қысқа
уақыттың ішінде көптеген іс атқарып үлгеруге болады. Үлкен тастар –
ең алдымен мән беріліп, уақыт бөлінуі қажет маңызды істер. Керісінше
жағдайда, банканы алдымен құммен толтырар болсақ, басқа тастар
сыймай қалатыны секілді, маңызды істерге уақыт тапшылығы туындауы
ықтимал.
Адам 
баласының 
өмірі 
осыған 
саяды. 
Дәл 
осы
мысалдағыдай, алдымен орындауымыз қажет істеріміздің
арасында бос уақыттар болып тұрады: бір істі бітіріп
екіншісін бастамастан бұрын, күту, демалу уақыттары. Ақылды
адам уақытын мұқият жоспарлау арқылы әрбір сәтін тиімді
пайдалана алады. Мысалдағы толғандай көрінген банканың
ішіне толықтай жайылған суды ниет ретінде есептейік.
Уақытты тиімді пайдалануда алдымен асыл ниет пен одан
соңғы дұрыс әрекет біздің бір күн ішіндегі әрбір сәтіміздің
пайдалы өтуіне жағдай жасайды. Осындай ізгі ниетін ту еткен
жан жұмыс үстелінен тұрып, үзіліске бет алғанда тілімен зікір
айтып жүре алады, аяқ-киімін киерде, жолда кетіп бара
жатқанда, көлік күтіп тұрғанда, көлікте жол жүріп бара
жатқанда, т.б. сәттердің барлығында уақытын тиімді өткізуге
мүмкіндік таба алады. Осылайша әрбір сәтімізді, мейлі ол тас
мысалындай ұзақ уақыт болсын, құм мысалындай қысқа ғана
сәт болсын, жоспарлау арқылы тиімді өткізе алмақпыз.
Бастысы, уақытты жоспарлауда осы жайтты назарда ұстап,
күнделікті әдетімізге айналдырып, бос уақыт өзкізбеуге
тырысуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет