Таланттар



Pdf көрінісі
бет179/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

БЕС ПАРЫЗ 
 


318 
 
– Балам, мұсылманның бес парызы бар. «Бір» деп саусағыңды 
бүк. 
Данабек  пен  Айбегім  бас  бармағын  бүкті.  Әкесі  Данабектің  
бүгілген бармағын басып тұрып, айтты: 
– Мұсылманның бірінші парызы – иман келтіру. 
– «Иман» деген не, әке? 
–  Иман  –  Алланың  бар  екеніне  сену.  Мұсылман  болу. 
Мұсылман болғанда не істеу керек екені Құранда  айтылған.   
Данабек тағы сұрады: 
–  Сіз мұсылмансыз ғой, әке! 
Әкесі: 
– Әлхамду лилләһи мұсылманмын. Ал сен мұсылмансың ба, 
балам? 
Данабек тоқталмай жауап берді: 
– Әлхамду лилләһи мұсылманмын.  
Әкесі риза болғанын жасыра алмай, Данабектің маңдайынан 
иіскеді. Алдына отырғызды. Данабектің сұқ саусағын  бүктірді.  
– Ал, балам, екінші саусағыңды  бүк. Мұсылманның  екінші 
парызын айтайын. Екінші парызы – күніне бес уақыт намаз оқу. 
Данабек сонан соң үшінші саусағын бүкті: 
–  Үшінші парызы не, әке? 
–  Мұсылманның үшінші парызы – ораза ұстау.  
Данабек ортан саусағын бүгіп тұрып: 
–  Білемін,  білемін!  –  деді.  Ораза  ұстағанда  таңертең    және 
кешке ғана тамақ ішеді. Күндіз ештеңе ішпейді.  
Әкесі: 
–  Иә,  балам,  жылына  бір  рет  тамақ  ішпеу  –  үлкен  кісілерге 
пайдалы. Енді әрі қарай тыңда: 
– Мұсылманның төртінші парызы – зекет беру. Зекет беру – 
жетімдерге, мүсәпірлерге көмектесу.  
Данабек аты жоқ саусағын  бүкті де, сұрақ қойды:  
–  Мүсәпір кім, әке? 
– «Мүсәпір» деп өзін-өзі асырауға шамасы  жетпейтін ауру-
сырқау  адамды айтады.  
Әкесі Данабектің  шынашағын бүктірді. 


319 
 
–  Енді  мұсылманның  бесінші  парызын  біл.  Бесінші  парыз  – 
шамасы  келсе,  қажыға  бару.  Қажыға  бару  –  Мұхаммед 
пайғамбардың туған  жеріне бару. Ол  – арабтар  жерінде. Мекке 
деген қалада.  
Балам,  ал,  мұсылманның  бес  парызын  қайталап  айтайық,  – 
деді әкесі. Үшеуі қосылып айтты: 
 
Бірінші парыз – иман келтіру. 
Екінші  парыз – күніне бес уақыт намаз оқу. 
Үшінші парыз – ораза ұстау. 
Төртінші парыз – зекет беру. 
Бесінші парыз – қажыға бару.  
 
Айтып болған соң, әкесі тағы да былай деді:  
–  Балам,  есіңде  болсын!  Мұсылманның  тағы  бір  үлкен 
парызы – білім жинау! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет