Таланттар


ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚЫЗЫ – ФАТИМА



Pdf көрінісі
бет178/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   256
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚЫЗЫ – ФАТИМА 
 
– Балам, Мұхаммед пайғамбардың үш ұл, төрт қызы бар еді. 
Ұлдары: Қасым, Абдолла, Ибраһим.  
Қыздары:  Зейнеп,  Руқия,  Үммігүлсім,  Фатима.  Фатимадан 
басқа  балалары  пайғамбардан  бұрын  қайтыс  болған.  Фатиманы  
айрықша  жақсы  көрген.  Халыққа  өсиет  айтқанда,  қасына 
отырғызып қоятын.  
Мұхаммед  пайғамбар  байлық  қумаған.  Патша  болса  да, 
қарапайым өмір сүрген. Күн көрісінен артық дүниесін кедейлерге 
таратып беріп отырған. Өзі ауырып жатқанда қалтасындағы бар 
ақшасын  садақаға  бергізеді.  Қасындағы  кісілер  беруді  ұмытып 
кетеді. Пайғамбар: 
– Садақа бердіңдер ме? – дейді. Ақшаны көрсетіп: 
–  Мыналар  қолда  тұрғанда  өлсем,  Алланы  ойлағаным  ба?  – 
дейді. Тезірек  садақа бергізеді.  
Өлерінде Фатимаға мынандай өсиет айтыпты: 
– Пайғамбар қызы Фатима! Сен қайырымды жұмыстар істе. 
Пайғамбардың қызымын деп жұрттан бөлектенбе! – дейді.  
Фатима әкесінің өсиетін орындаған. Қайырымды, білімді қыз 
болған. 
Бір күні үйіне киімі жыртық-жыртық қайыршы келеді. Қайыр 
сұрайды.  Фатиманың  оған  беретін  ақшасы  болмай  қалады. 
Қайыршыны  қалай  бос  қайтарамын  деп  қиналады.  Мойындағы 
алтын алқасын  алып, бейшараға ұсынады.  
– Алқаны сатып, ақша қыл. Балаларыңа тамақ әпер, – дейді. 
Фатима  осындай  қайырымды  істерімен  ел  есінде  сақталған. 
Ол – бүкіл  мұсылманның анасы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет