Таланттар



Pdf көрінісі
бет177/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ЖАРТЫ АЙ 
 
– Балам, жарты ай туралы бір әңгіме айтайын: Баяғы заманда 
Мұхаммед    пайғамбарға    сенбеген  біреу:  «Пайғамбар  болсаң, 
құдіретіңді көрсет!» – дейді.  
Осы кезде Данабек: 
– Құдірет деген не, әке? – деді. 
– Құдірет деген – жай адамның қолынан келмейтін нәрсе. Ол 
тек Алла тағаланың көмегімен болады.  
Сол  кезде,  саған  өтірік,  маған  шын,  аспандағы  ай  орнынан 
қозғалады. Жылжып келіп Мұхаммед пайғамбардың жағасынан 
кіреді.  Екі жеңінен жарты-жартыдан бөлініп шығады. Қайтадан 
аспанға көтеріліп, толған ай болады. Міне, құдірет!  
Айбегім: 
– Пайғамбарға сенбегендер не істепті, – деп сұрады. 
–  Олар  пайғамбардың  алдына    бас  иіп,  мұсылман  болыпты. 
Мұсылмандар ай бейнесін мазар үстіне қояды. Оны байқадыңдар 
ма? 
–  Көрдім,  әке.  Бейіт  басына  барғанда  байқадым,  –  деді 
Айбегім.  
 
ҚҰРАН 
 
Иман – мінез-құлықты түзейтін құрал. 
 
Әкесі  сөреден  бір  қалың  кітапты  алды.  Сырты  алтындай 
жылтырайды. Көз тартады. Данабек шыдап тұра алмай: 
–  Әке, бұл қандай кітап? – деп сұрады. 
–  Балам,  бұл  –  Құран.  Әрбір  мұсылманның  қасиеттеп 
ұстайтын кітабы.  
Әкесі  Құранды  маңдайына  тигізді.  Данабекті  тізесіне 
отырғызып, беттерін  ашып  көрсете  бастады. 
– Алла тағаланың сөзі осы кітаптың ішінде жазылған. 
– Оны Алла тағаланың өзі айтып  берді ме? – деді Данабек. 


316 
 
– Алла  көзге көрінбейді. Ол – әр мұсылманның  жүрегінде.  
Алланың сөзі Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға 
жеткен.  Жиналып  кітап  болып  басылған.  Осы  кітапты  түгел  
жатқа білетін кісілер болады. Оны «Қари» дейді.   
Данабек таңғалды. 
– Осының бәрін бір күнде қалай жаттайды, ә! – деді. 
–  Балам,  бір  күнде  емес.  Кітап  қысқа-қысқа  бөліктерден 
тұрады.  Бір  бөлігін  «сүре»  деп  атайды.  Бір  күнде  бір  сүреден 
жаттаса, 3- 4 айда жаттауға болады. Ылғи қайталап отыру қажет.  
Құранда «Ықылас» деп аталатын бір қысқа сүре бар. Оны сен 
де жаттауың керек. Мағынасы мынадай: Сен айт: «Алла жалғыз 
де. Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес 
жоқ». 
Бұл сөздерді Данабек пен Айбегім  де қайталап айтты. 
– Енді осының арабшасы былай болады. Оны былай оқиды. 
Әкесі көзін жұмып, әуенмен айта бастады: 
 
–  Бисмилләһи рахмани  рахим! 
Құлһу аллаһу ахад. 
Аллаһу сәмәд. 
Ләм йәлид 
Уа ләм йулад 
Уа ләм йакун ләһу 
Куфуан ахад. 
Әкесі осы сөздерді  үш рет қайталады. 
Содан соң екі алақанын жайып: 
«Е, Алла, оқыған құранның сауабын осы үйден дәметкен ата-
бабаларымның рухына бағыштадым. Аллаһу әкбар!» – деп бетін 
сипады.  
Айбегім мен Данабек те бетін сипады. 
Әкесі айтты: 
–  Жолда  кетіп  бара  жатқанда  бейіт  көрсең,  осы  сөздерді 
айтып, бет сипа. Жұма күні кешкі тамақты ішіп болған соң да айт. 
Құран  оқылған  кезде  тыңдап  отырыңдар.  Еске  сақтап,  жаттап 
алыңдар, – деді.  


317 
 
Бұдан кейін Айбегім мен Данабек әкесі Құран оқығанда ылғи  
тыңдайтын  болды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет