Таланттар



Pdf көрінісі
бет176/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

АЙ КӨРДІМ, АМАН КӨРДІМ 
 
Мамыр  айының  жып-жылы  бір  кешінде  әкесі  Айбегім  мен 
Данабекті  серуендеуге  алып  шықты.  Үйден  шыға  бере  әкесі 
аспанға  көз салды да: 


314 
 
– Жаңа ай туыпты ғой! – деді. 
Айбегім  мен  Данабек  те  аспанға  қарады.  Қолмен  қиып  
қойғандай  әдемі айды көрді. Айбегім: 
– Суреттегі  қыздардың қасындай екен, – деді ойланып.  
Данабек: 
– Иілген садақ сияқты, – деді. 
Екеуінің  әңгімесін тыңдап болған соң,  әкесі сұрады: 
– Ай шалқасынан жатыр ма, тіке тұр ма?  
Айбегім мен Данабек жарыса: 
–  Тігінен тұр! Тігінен тұр! – деп жауап берді. 
–  Онда  бұл  ай  жайлы  болады  екен.  Қар  жауып  кетпейді. 
Жемістің гүлі үсімейді.  Күн жылынады.  
–  Ал    егер  ай  шалқасынан  жатса,  шаруаға    жайсыз  болады. 
Жауынды-шашынды,  салқын  күндер    басталады.  Егін  дұрыс 
өспейді. Жаңа ай  туғанда тілек тілеу керек.  
Осыны айтты да әкесі: 
– Ал енді қолдарыңды жайыңдар, – деді. Өзі де қолын жайып, 
тілек тіледі:  
 
Ай көрдім, аман көрдім
Бұрынғыдай заман көрдім. 
Жаңа айда жарылқа! 
Ескі айда есірке! 
 
Бұл  сөздерді екі бала да  қайталады. Айтып болып, үшеуі де 
бетін сипады. Әкесі риза болды.  
– Бұдан былай  жаңа ай туғанын көрсеңдер, осы тілекті айтып 
жүріңдер, – деді. Данабек айға қарап:  
– Ай ылғи садақ  сияқты болып тұрмайды ғой, ә, әке? – деп 
сұрақ қойды. Әкесі:  
– Дұрыс айтасың, балам. Бұл – жаңа туған ай.  Одан соң жарты 
ай болады. Отыз күн өткенде  дөңгеленіп толады. Оны толған ай 
дейді. Айбегім: 
–  Толған ай – күлше сияқты дөп-дөңгелек, – деп таңдайын 
қақты.  
 


315 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет