– Алматы қаласында үш бірдей білім жетілдіру институты жұмыс істейді, осыны біріктірсе қайтеді? – Облыстағы білім жетілдіру институттарын қысқартып,
аймақтық етіп қайта құрған дұрыс. Ал Алматыдағы үш бірдей
институт қазір керек емес, үшеуінің басын біріктіру керек-ақ.
Одан түсер қыруар қаржыны мектепке беру мәселесі келіп
шығады.
А. Қыраубайқызы: – Біздің мектептер, негізінен, ақпараттық мектеп. Баланың
жан дүниесіне үңілетін, оның өмірге келуінің өзін ғажайып
құбылыс деп түсіндіретін, онымен адам ретінде сыйластықты,
қарым-қатынасты бірінші орынға қоятын мектептер көп емес.
Бірінші орында баланың талап-тілегі тұратын болса, мектеп бала
үшін қызмет етсе, жақсы мектеп сол дер едік.
– Он мың мектептің үш миллион шәкіртінің арасынан